УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ КОМАНДАСЫ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ CASPIAN HACKATHON ЖЕҢІМПАЗЫ
УНИВЕРСИТЕТІМІЗДІҢ КОМАНДАСЫ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ CASPIAN HACKATHON ЖЕҢІМПАЗЫ
Университетіміздің командасы Ақтау қаласында өткен халықаралық «Caspian Hackathon» хакатонында жеңіске жетті. Коммерцияландыру офисінің құрамындағы YASAWI STARTUP бағдарламасының резиденттері Түркістан облысының атынан қатысып, 8 елден келген 80 команданың арасынан үздік деп танылды.
Байқаудың басты мақсаты – Каспий теңізінің экожүйесін сақтауға, өзекті экологиялық мәселелерді шешуге, сондай-ақ экологиялық және мұнай-газ салаларында инновациялық тәсілдерді дамытуға бағытталған заманауи технологиялық және цифрлық шешімдерді әзірлеуге ықпал ету.
Айта кетейік, хакатонда 200-ге жуық қатысушы өз жобасын ұсынды. Техникалық іріктеу нәтижесінде 30 команда финалдық кезеңге жолдама алып, жобаларын қазылар алқасына таныстырды.
Қатысушылар Каспий өңіріндегі экологиялық мониторинг, деректерді талдау, табиғи ресурстарды сақтау және экологиялық тәуекелдердің алдын алу бағыттары бойынша инновациялық цифрлық шешімдерін ұсынды.
Ал, оқу ордамыздың «Қызыл жебе» командасы «Caspian Intelligence» атты жоба арқылы жеңіске жетіп, 3 000 000 теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды.
HORIZON EUROPE: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГРАНТТАР ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ИННОВАЦИЯЛАР
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗА ОРТА, ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!
HackAlem AI
Yasawi Startup IX-ағым
Авторлық және сабақтас құқықтарды, тауар белгілерін, географиялық көрсеткіштер мен тауар шығарылған жердің атауларын құқықтық қорғау
Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) V Жазғы мектебі 2026 жылғы
Digital Law Hackathon 2026 Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері арасында өтетін республикалық хакатон!
“AI Skills Program” бағдарламасы бойынша топтық практикалық оқыту курстары басталды.
YASAWI STARTUP | БИЗНЕС-ИНКУБАТОР
Қазақстандағы ең, үлкен кітап көрме-жәрмеңкесі Түркістанда! TURKISTAN EURASIAN BOOK FAIR - 2025
Онлайн-семинар: "академиялық-индустриялық әріптестікті дамыту: Назарбаев Университетінің тәжірибесі"
«Стартаптарда жасанды интеллектті қолдану және құқықтық қорғау»
«Ғылым қоры» АҚ РММ «ҰЗМИ» ҚР Әділет министрлігінің КИС (QAZPATENT) ұйымымен бірлесіп, зияткерлік меншік мәселелеріне арналған вебинарға шақырады.
Сіздерді «Ғылым мен өндіріс: коммерцияландырудың жаңа мүмкіндіктері» атты форумға қатысуға шақырамыз.
Құрметті әріптестер мен студенттер!