Хабарландырулар

shape
shape

Міндеттеріміз

Біздіңміндеттеріміз

Біздің міндетіміз-Тәулік бойы оқу ғимараттары мен жатақханалардағы оқытушы- профессорлармен қызметкерлер және студенттерге шақыртуымен алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Медициналық бекеттер жатақханалар мен оқу ғимараттарының бірінші қабатында орналасқан. Амбулаторияда жоғары және орта білімді, білікті тәжірбиелі мамандар қызмет көрсетеді.
Университет аумағында өтетін барлық іс-шараларда қатысушының денсаулық қауыпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында амбулатория қызметкері алғашқы медициналық көмек көрсетеді.
Студент ауырып қалған жағдайда «АИ» дәрігерлік амбулаториясының дәрігеріне қаралады. Дәрігер студентке анықтаманы студенттің келіп қаралған күнінен бастап, сырқатының ауырлығына қарай 6-күнге дейін бере алады.Басқа емдеу мекемелерінен алынған анықтаманы студент амбулаторияға тіркетіп, деканатқа тапсыру керек.
Университеттің барлық оқу ғимараттары мен жатақханалары медициналық бекеттерімен қамтамасыз етілген.Барлық медициналық бекеттер сағат 9 00-18 00 аралығында қызмет атқарады оның ішінде Туран жанұялық жатақханасында орналасқан АИ-дәрігерлік амбулаториясы тәулік бойы қызмет көрсетеді.