Туберкулез ауруының алдын алу және ерте кезеңде анықтау мақсатында Манту сынамасы жүргізілді.
2026 жылдың 10 наурыз күні Университет оқытушылары мен студенттері арасында туберкулез ауруының алдын алу және ерте кезеңде анықтау мақсатында Манту сынамасы жүргізілді. Аталған шара университеттің медициналық қызметкерлері тарапынан ұйымдастырылып, санитарлық талаптарға сай өткізілді.
Манту сынамасы – туберкулез инфекциясын анықтаудың маңызды әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тексеру арқылы аурудың бастапқы белгілерін дер кезінде анықтап, оның алдын алу мүмкіндігі артады.
Осындай профилактикалық медициналық шаралар студенттер мен қызметкерлердің денсаулығын сақтау, жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.