Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Университет жатақханаларында дезинфекциялық тазарту жұмыстары жүргізілді.

Университет жатақханаларында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес ағымдағы айда жоспарлы дезинфекциялық тазарту жұмыстары жүргізілді. Іс-шаралар барысында тұрғын бөлмелер, дәліздер, асханалар, санитарлық тораптар және басқа да ортақ пайдаланылатын аумақтар арнайы бекітілген құралдармен толық өңдеуден өтті.

Жүргізілген жұмыстардың мақсаты – жатақхана тұрғындары үшін қауіпсіз әрі қолайлы санитарлық жағдайды қамтамасыз ету. Дезинфекциялау барысында қолданылған құралдар белгіленген талаптарға сай және адам денсаулығына зиянсыз болып табылады.

Сонымен қатар, студенттерге санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау, жеке тазалыққа жауапкершілікпен қарау және жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Алдағы уақытта да жатақханаларда санитарлық тазалықты сақтау және алдын алу шараларын жүйелі түрде жүргізу жалғасады.