shape
shape

Біздің қызметтеріміз

Профилактикалық тексеру

Профилактикалық тексеру

ХҚТУ-не қабылданған  талапкерлерден  форма №063/У, форма № 075/У құжаты міндетті түрде талап етіледі.Әр оқу жылына қызметкерлердің медицина кітапшаларын тексеру мерзімін қадағаланады.Дәрігерге қаралу «Тұран» жанұялық жатақханасында орналасқан  «АИ» дәрігерлік амбулаториясында жүргізіледі. Оқуыңызға кедергі келтіретін маңызды ақуалдар табылса, дәрігер деканатқа  хабарлауына құқығы бар.Дәрігерлік кеңес беру кезінде дәрігермен денсаулығыңыз жайында мәселерді талқылай аласыз Барлық оқуға түскен студенттер Ясауи клиника-диагностика орталығына тіркеледі.Клиникаға тіркелген студенттерге барлық медициналық кӛмек тегін кӛрсетіледі. «АИ» дәрігерлік амбулаториясы мен клиника диагностика орталығы бірлесе отырып, студенттердің оқу барысындағы жыл сайынғы флюрографиялық тексеруін қамтамасыз етіп, қадағалап отырады.Шетелден келген қызметкерлер мен студенттерге клиникада арнайы дәрігер бекітілген.Жыл сайын қыркүйек айының басында жоспарлы түрде барлық жатақханаға орналасатын студенттер форма № 075-У құжатымен дәрігерлік тексеруден ӛткізіледі. Студенттерді тексеру нәтижелері (флюропленка)  форма №052 құжатына толтырылады. Ӛткізілген тексеру нәтижесі  қадағалау жүргізіледі. Студенттерді флюрографиялық тесеруден ӛткізу әр оқу жылында міндетті түрде жүргізіледі. Бұл іс-шара әрбір студент үшін маңызды және міндетті болып табылады. Сонымен қатар студенттер арасында түрлі жұқпалы аурулардың алдын-алу мақсатында жоспарлы түрде санитарлық ағарту жұмыстары жүргізіледі. «АИ» дәрігерлік амбулаториясы университет ғимараттары, оқу корпустары мен  жатақханаларының және барлық ғимараттарда орналасқан  тамақтану орындарының тазалығын  талапқа сай болуын бақылайды.      

Дәрігерлік анықтама 

Студент ауырып қалған жағдайда сол күні «АИ» дәрігерлік амбулаториясының дәрігеріне қаралуы қажет. Дәрігер студентке анықтаманы  студенттің келіп қаралған күнінен бастап, сырқатының ауырлығына қарай   6-күнге дейін бере алады. Дәрігерлік анықтамалар тұрғылықты мекен-жай емханаларында, жеке емханаларда, қалалық студенттер емханасында, шұғыл кӛмек бӛлімшелерінде жазып бере алады. Басқа емдеу мекемелерінен алынған анықтаманы студент  амбулаторияға тіркетіп, деканатқа тапсыру керек.   «АИ» дәрігерлік амбулаториясына қарасты университет оқу ғимараттары мен жатақханаларында  орналасқан жалпы саны- 12 медициналық бекет Қ.Р.-ның заңына сәйкес мемлекеттік лицензиямен қызмет атқарады. Медицина Медициналық кӛмек Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021жылғы 05 тамыздағы №76 бұйрығымен  бекітілген «Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы бұйрығына сәйкес 10қосымшада кӛрсетілген болуға тиісті медициналық жабдықтармен жабдықталған.