Хабарландырулар

shape
shape

Жұмыс процестері

Жылдық жоспарлар

2026 жылдың 4-12 қаңтар аралығында университет ұжымы Түркия Республикасына ғылыми-мәдени іс-сапармен барды. Делегация құрамында АИ дәрігерлік амбулаториясының басшысы Тұңғышбаева Мадина Обылбекқызы қатысты. 
Іс-сапар барысында Түркия Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Гази университеті, Хажеттепе университеті және Хаджы Бекташ Вели Невшехир университеттерінде болып, білім беру мен медицина саласындағы озық тәжірибелермен танысты.

Аталған іс-сапарға университет жанындағы дәрігерлік амбулаторияның басшысы ретінде қатысып, шетелдік әріптестердің медициналық қызметті ұйымдастыру, профилактикалық жұмыстар жүргізу және студенттер мен қызметкерлерге медициналық көмек көрсету бағытындағы тәжірибелерін жан-жақты зерделеу мүмкіндігі туды.

Кездесулер барысында медициналық қызмет сапасын арттыру, амбулаториялық жұмысты жетілдіру және болашақта тәжірибе алмасу бағытында ынтымақтастық орнату идеялары талқыланды. Іс-сапар нәтижесінде алынған тәжірибелер университеттің медициналық қызметін дамытуға және халықаралық әріптестікті нығайтуға өз үлесін қосады.
Осы іс-сапардың жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетіп, осындай мүмкіндік берген Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің басшылығына шынайы алғысымызды білдіреміз.

 

 

ӘСКЕРИ ОҚУ-ДАЛА ЖИЫНЫ АЯҚТАЛДЫ
Колледжімізде оқу үдерісінің бір бөлігі болып саналатын, 1 курс студенттеріне арналған бір апталық әскери оқу-дала жиыны сәтті аяқталды. Бұл шараның басты мақсаты – студенттер арасында қорғаныс саласына деген қызығушылықты арттырып, жастарды отанды сүюге, елжандылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнінен алған теориялық білімдерін тәжірибелік тұрғыда бекіту болды.
Әскери талаптарға барынша сәйкестендірілген жиын барысында:
* ұл балалар әскери топография, тактикалық және атыс даярлығы, саптық машықтар бойынша тәжірибелік сабақтарға қатысты;
* қыз балалар алғашқы медициналық жәрдем көрсету дағдыларын меңгеріп, өмірлік маңызы зор білімдер алды

Емтихан барысында алғашқы көмек көрсету шаралары.

Уиверситетімізде студенттерге қысқы емтихан кезінде АИ дәрігерлік амбулаториясының медбикелері алғашқы көмекті дер кезінде көрсетіп отырады .Емтихан кезінде студенттер қатты уайымдап, шаршау мен стресс әсерінен өздерін жайсыз сезінуі мүмкін. Осындай жағдайларда медициналық қызметкерлердің алғашқы көмек көрсетуі өте маңызды.

Емтихан барысында медиктер:
    қан қысымы көтерілген немесе төмендеген жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсетеді;
    бас айналу, жүрек айну, есінен тану сияқты жағдайларда жедел әрекет етеді;
    студенттің жалпы жағдайын бақылап, тыныштандыру шараларын жүргізеді;
    қажет болған жағдайда жедел жәрдем қызметін шақырады.

Алғашқы медициналық көмектің дер кезінде көрсетілуі студенттің денсаулығын сақтауға, емтиханды қауіпсіз жағдайда жалғастыруына немесе демалуына мүмкіндік береді. Сондықтан емтихан өткізу кезінде медициналық қызметкерлердің болуы аса маңызды.