Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің аймағында Ботаникалық бақты салу екі мақсатты көздеді:
-Оңтүстік Қазақстанның субаридты регионында сәндік және жеміс-жидек өсімдіктерінің биологиясын, ассортименттерін зерттейтін ғылыми жерсіндіру орталығын құру;
- Университетте дайындалатын биология, экология, география мамандықдарының оқу-өндірістік база орнату.
ҚР Премьер-министрінің №428-З 29.09.1993 ж. өкімімен осы мәселені шешу үшін ежелгі Түркістан қаласында Халықаралық қазақ-түрік университеті құрамында жер көлемі 88 га құрайтын жаңа Ботаникалық бақ құру туралы қаулы қабыдданды.
Ботаникалық бақты орнату 1994 жылы басталды. Бүгінгі күні ботаникалық бақтың коллекциялық фондында декоративті және жеміс өсімдіктерінің 150 түрлері мен сорттары бар. Бақта басқа аймақтан әкелінген 59 туыстыққа, 28 тұқымдастыққа жататын жерсіндірілген дақылдар өндірілді.
2021- 2025 жылдары 3 5ылыми жоба жүзеге асырылы:
1. «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Ботаникалық бағының базасында Оңтүстік Қазақстанның қуаңшылық жағдайына бейімделген, күйзеліске төзімді сәндік өсімдіктерді жеделдете өсіру» атты жобаның аясында сәндік өсімдіктерді жылдам өсіру әдісіменен көшеттер өсірілуде. Қазір осы әдіспен коллекциялық питомникте қылқанды өсімдіктердің 17 түрі, экспозициялық секторда бұта типтес өсімдіктердің 47 түрі жерсіндірілуде.
2. «Инновациялық технологиялар негізінде биоресурстарды
коммерциялық игеру арқылы Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ ботаникалық бағының бағалы гендік қорын сақтау» атты жобаның негізінде жеміс ағаштарының гендік қорын жақсарту, көбейту және сақтау мақсатында өсімдіктер биотехнологиясы зертханасында жеміс ағаштарын микроклональды көбейту жұмыстары қарқынды жүруде.
.jpeg)
.jpeg)
Алма, алмұрт және өріктің экологиялық таза өнімін алу мен оларды қайта өңдеудің инновациялық технологиясын зерттеп, кептірілген жеміс өнімін алу үшін ботаникалық бақта жеміс- жидектерді қайта өңдеп, кептіріп сақтайтын цех салынды. Цехқа жемістерді кептіретін қондырғалар алынды.
Жеміс ағаштарға биостимуляторлар мен биотыңайтқаштарды қолданудың арқасында оңың өнімділігі мен сапасы жоғарылады. Ғылыми негізделген инновациялық технологияның аясында жиі өсіп тұрған жеміс ағаштары сиретіліп, жасарту жұмыстары орындалды. Осы ағаштарды сирету, кесу жұмыстарының қалдықтарын қайта өңдейтін, яғни тамақ өнеркәсібіне қажетті ағаш жанқасын дайындайтын қондырғы жұмыс жасауда

3. «Қазақстанда қызғалдақтың бастапқы материалдар коллекциясын жасау, эксклюзивті түрлері мен сорттарын көбейту мен өсірудің инновациялық технологиясын әзірлеп қолданысқа енгізу» атты ғылыми жобаның мақсатына сәйкес ботаникалық бақта пиязшықтан өсірілген қызғалдақтың түрлері
.png)
Қазақстанның гүл өсіруде кеңінен қолданылатын 30 қызғалдақ сортының 20 жабайы өсетін түрінен іріктеу үшін бастапқы материал топтамасы құрылатын болады. Шетелдік технологияларды скрининг негізінде, топырақтың агрохимиялық және физикалық қасиеттерін ескере отырып, оларды бейімдеу. Қазақстанның әртүрлі топырақ-климаттық аймақтарындағы қызғалдақ түрлері мен сорттарының морфобиологиялық ерекшеліктерін, сәндік және шаруашылық-құнды белгілерін зерттеу.Қазіргі заманғы көбею әдістерін пайдалана отырып, қызғалдақты жеделдетіп көбейтудің тиімді әдістері әзірленетін болады
Ботаникалық бақта университетіміздің биология, экология , химия және география мамандықтарында оқитын білімгерлер оқу-тәжірибелік, өндірістік тәжірибе өтеді. Одан басқа биология мамандығының студенттері ботаникалық бақта сабақ өтіп кәсіптік білімдерін жоғарлатады.
.jpeg)
.jpeg)