Хабарландырулар

shape
shape

Ғылым саласы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті «Ботаникалық бақ» ғылыми-зерттеу институты

 

«Ботаникалық бақ» ғылыми зерттеу институты – білім, ғылым, өндірістік және мәдени ағарту мекемесі. Ғылыми-өндірістік жұмыстың мақсаты – декоративті және жеміс-жидек өсімдектерінің ассортименттерін жинау, олардың генофонын сақтау, технологиясын зерттеу, жергілікті ауа-райына төзімді түрлерінің көшеттерін өсіру, дайындау. Жергілікті Түркістан обласы және Қызылорда облысының аудандарын, Түркістан қаласының маңайына жерсінген декоротивті және жеміс көшеттерін көгалдандыруға ұсыну. «Ботаникалық   бақ»  ҒЗИ Жаратылыстану факультетінің оқу-тәжірибе полигоны. Сонымен қатар колледж, мектеп оқушыларын, қала халқын декоративті, жеміс ағаштарының коллекциясымен таныстыратын демонстрациялық қызметін атқарады.

«Ботаникалық бақ» Жаратылыстану факультетінің оқытушы-профессорларын, студенттерін, магистранттарын жұмысқа тарту арқылы ғылым мен өндірістің арасын біріктіре отырып жұмыс істейді.

«Ботаникалық бақ» Қазақстан Республикасының Ғылым туралы заңдары, Қазақстан Республикасы үкіметі бекіткен қоршаған ортаны сақтау туралы Халықаралық келісімдер, конвенциялар және ғылыми-өндірістік жұмыстарды жүргізуге арналған нормативтік талаптарға сүйене отырып іс-әрекет атқарады.

Түркістан облысы Қазақстанның экологиялық қолайсыз алты өңірінің бірі болып табылады. Қазақстанның оңтүстігіндегі аридті аймақтардың жерсіндірілген өсімдіктерінің экологиясы жеткіліксіз зерттелген. Осыған байланысты, экологиялық қолайсыздықты азайту және өңірдегі өсімдіктердің өсіп-өну жағдайларын жақсарту мақсатында 1994 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ауданы 88 га жерге Ботаникалық бақ салынды. Ботаникалық бақта сәндік ағаштар мен жеміс-жидек дақылдарын өсірудің ғылыми негізделген әдістері, сондай-ақ осы ағаштардың сапалы тұқымын өндірудің жеделдетілген технологиялары жасалды, осы технологиялардың негізінде университет ғалымдары өсімдіктердің физиологиясын, биохимиясын, фитопатологиясын және минералды қоректенуін зерттеудің әдістемелік базасын жасады.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ауданы 88 га болатын Ботаникалық бағында әртүрлі жеміс өсімдіктерінің, ағаштардың, бұталардың және гүлдердің 127 түрі мен сорттары кездеседі.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті Кеңесінің 24.02.2024ж. өткізілген 79-мәжілісінің 16.5 шешіміне сәйкес университет ректорының №1/1062 бұйрығы негізінде «Ботаникалық бақ» орталығы «Ботаникалық бақ» ғылыми зерттеу институты болып құрылды.

«Ботаникалық бақ» ҒЗИ базасында 2024 жылдан бастап қолданысқа берілген жеміс-жидектерді кептіруге арналған ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу цехы жұмыс істейді. Бұл цехта бақта пісіп жетілген өрік, алма, алмұрт, кара өрік және т.б. жемістерді кептіріп экологиялық таза өнімдерін алуға мүмкіндігі бар ғылыми өндірістік жұмыстар жүргізіледі.

Университет ректоры бекіткен институттың штат кестесі төмендегідей мамандардан тұрады:

 

Штаттық бірліктің атауы

Штат бірлігі

1

институт директоры

1

2

директор орынбасары

1

3

жетекші ғылыми қызметкер

1

4

ғылыми қызметкер

1

5

аға дендролог

1

6

жылыжай меңгерушісі

1

7

өндірістік цехінің меңгерушісі 

1

8

бригадир-тракторист

1

9

сушы

5

10

жұмысшы

8

11

слесарь-механик

1

12

өндірістік цехінің маманы

1

 

 

«Ботаникалық  бақ»  ғылыми-зерттеу институтының  құрылымдық схемасы

Институттың ғылыми - зерттеу жұмыстары нәтижесінде 2023-2024 оқу жылында Scopus базасында бірлескен авторлықта 2 мақала жарық көрген. 

 

Даму мақсаттары мен жолдары

Даму мақсаты – табиғи сәндік және жеміс-жидек, өндірістік маңызы бар қызыл кітапқа енген, сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдектердің ассортименттерін жинау, олардың гендік қорын сақтау, технологиясын зерттеу, жергілікті ауа-райына төзімді түрлерінің көшеттерін өсіру, дайындау. Түркістан өңірінің өсімдіктер дүниесінің алуантүрлілігін сақтаумен қатар, ішкі өндірістік нарықта шикізат көзі ретіндегі пайдалану тиімділігі мен биоресурсының мөлшерін арттыру және Түркістан, Қызылорда облысының аудандарына, Түркістан қаласына көгалдандыруға ұсыну.

 Ботаникалық бақ ҒЗИ-да орындалатын ғылыми зерттеу жұмыстарын халықаралық ғылыми кеңістікке интеграциялауды күшейту мақсатында отандық және шетелдік ботаникалық бақ, әлемнің жетекші ҒЗИ бірлесіп ҚР Бірыңғай гербарий қорының Оңтүстік Қазақстан субаридты аймағы ретінде бірлескен халықаралық ғылыми зерттеу жобаларын орындайды.

Зияткерлік меншік объектілерін жасақтау, патент, авторлық куәлік алу және интродукцияланған өсімдік түрлерін лицензиялап отандық перспективті өсімдіктер коллекциялық қорын толықтырады.

Қожа Ахмет Ясауи университеті ғылыми зерттеу базасы тиімділігін арттыру мақсатында ғылыми қызмет түрлерін коммерцияландыру ақылы қызмет көрсету келісім шарттарын жасақтап, ішкі нарықта экологиялық таза өнімдер өндірісін дамытуға ат салысады.

Ботаника ғылымына салалас мамандарына оқу-өндірістік базасы ретінде академиялық ғылыми жұмыстар Жаратылыстану ғылымдары факультетінің оқытушы – профессорларын, студенттерін, магистранттарын және Түркістан облыстық орта білім беру ұйымдарын, колледж білімгерлерін жұмысқа тарту арқылы ғылым мен өндірістің арасын біріктіре отырып, жұмыс атқарылады. Ғалымдардың ғылыми мектептері барысында атаулы ғылыми іс-шаралар жұмыстарын жүргізіп, білім алушылармен бірлескен жарияланым көрсеткішін  арттырады.

Институттың миссиясы: 

Биоалуантүрлілікті, сирек және жоғалуға жақын өсімдіктердің гендік қорын сақтау мен көбейту бағытында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы табиғат пен қоғам арасында өзара үйлесімді байланыс құру.

Институттың көрінісі: Түркістан қаласы құрғақ және шөлейт аймақта орналасуына орай осы аймақтарда стреске төзімді өсімдіктер түрлерін жерсіндіру, зерттеу және селекциялау бойынша жетекші ғылыми орталыққа айналу. Біз құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің жаңа түрлерін бейімдеп, биоалуантүрлілікті сақтауға, көгалдандыру мен ауыл шаруашылығына инновациялық шешімдер ұсынуға ұмтыламыз. Болашақта бақ аридті аймақтарда тұрақты экожүйелер қалыптастыруда ұлттық және халықаралық деңгейдегі ғылыми және тәжірибелік платформаға айналуға үлес қосу.

Алдыңғы қатарлы зерттеулер жүргізу: «Ботаникалық бақ»  ғылыми-зерттеу институты өсімдіктердің әртүрлі коллекциясын жинап, оларға алдыңғы қатарлы кешенді зерттеулер жүргізу арқылы жаңа білім мен технологияларды игеру.

Жаңалықтар енгізу: Түркістан аймағына тән өсімдікткрді жүйелеу, интродукциялау және аридті аймаққа төзімді өсімдіктерді іріктеу бағытында ғылыми зерттеулер мен тәжірибелер нәтижелерін инновациялық шешімдерге айналдыру арқылы қоғамға пайда келтіру.

Ғылыми әлеуетті арттыру: Қожа Ахмет Ясауи университетінің жас ғалымдарын ғылымға тарту, қолдау, дамыту және тәрбиелеу арқылы жас ғылыми кадрларды қалыптастыру.

Қоғамға қызмет ету: «Ботаникалық   бақ»  ҒЗИ колледж, мектеп оқушыларын, қала халқын декоративті, жеміс ағаштарының коллекциясымен таныстыратын демонстрациялық қызметін атқара отырып ғылыми зерттеулер мен технологиялық жаңалықтарды қоғамның қажеттіліктеріне бейімдеп, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге ықпалдастығын аттыра береді.

Білім беру мен оқыту: «Ботаникалық бақ» ҒЗИ Жаратылыстану факультетінің оқытушы – профессорларын, студенттерін, магистранттарын жұмысқа тарту арқылы ғылым мен өндірістің арасын біріктіре отырып жас мамандарға жаратылыстану ғылымдары, биотехнология саласында сапалы білім алуына мүмкіндік жасау, оларды ғылым мен техникадағы соңғы жетістіктермен таныстыру.

 

Институттың стратегиялық Мұраты:

«Ботаникалық бақ» ғылыми-зерттеу институты аридті аймақтарға бейімделген өсімдіктердің биоалуантүрлілігін сақтау, зерттеу және дамыту арқылы экологиялық тұрақтылық пен ауыл шаруашылығының өркендеуіне үлес қосу. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің жаңа сорттарын селекциялау, ғылыми зерттеулер жүргізу және табиғат пен адам арасындағы үйлесімді байланысты нығайту арқылы болашақ ұрпақ үшін жасыл кеңістік қалыптастыруда көшбасшы институт болу. 

 

Институт ұстанымы

«Ботаникалық бақ»  ғылыми-зерттеу институтының ұстанымы "Білім, еңбек және әділдік арқылы табиғатты сақтау". Бұл ұстаным институттың ғылыми, экологиялық және әлеуметтік бағыттағы мақсаттарын айқындап, негізгі құндылықтарына сүйене отырып оның тұрақты дамуына негіз болады.

1. Білім – ғылым арқылы табиғатты тану. Өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін зерттеп, жаңа сорттарын әзірлеу. Жетекші ботаникалық институттармен тәжірибе алмасу. Студенттер,оқушылар және халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

2. Еңбек – табиғатқа қамқорлық жасаудың негізі. Институттың жетістіктері үздіксіз еңбектің нәтижесінде келеді. Жылыжайда, дендрарияда және тәлімбақтарда өсімдіктерді күтіп-баптауда ғылыми негізделген агротехнологияларды қолдану. Құрғақ аймақтарға бейімделген өсімдіктерді зерттеу. Түркістанның климаттық жағдайына бейім ағаштар мен бұталарды көбейту. Топырақтың құнарлылығын арттыру, биоалуантүрлілікті қорғау.

3. Әділдік – меритократия мен жауапкершілік. Әр қызметкер өзінің білімі мен еңбегіне сай бағаланып, институттың дамуына үлес қоса алады. Ғылыми жетістіктері мен еңбегіне қарай қызметкерлерді ілгерілету. Институт қызметінің нәтижелерін ашық жариялау.