shape
shape

Міндеттеріміз

Міндеттеріміз

Міндеттеріміз: Түркістан қаласында Ботаникалық бақ салу екі мақсатты көздеді: Оңтүстік Қазақстанның субаридты регионында декоративті және жеміс-жидек өсімдіктерінің ассортименттерін зерттейтін ғылыми интродукциялық орталық құру, екінші университеттің биология, экология, география мамандарына оқу-өндірістік база орнату.
ҚР Премьер-министрінің №428-З 29.09.1993 ж. өкімімен осы мәселені шешу үшін ежелгі Түркістан қаласында Халықаралық қазақ-түрік университеті құрамында жер көлемі 88 га құрайтын жаңа Ботаникалық бақ құрылды.

Ботаникалық бақ орнату 1994 жылы басталды. Бүгінгі күні ботаникалық бақтың коллекциялық фондында декоративті және жеміс өсімдіктерінің 150 түрлері мен сорттары бар, бұл жерге бірінші рет интродукцияланған, басқа региондардан әкелінген, 59 туыстыққа, 28 тұқымдастыққа жатады.

Түркістан қаласы мен Түркістан аймағы Арал-Сырдария апат аймағы кері әсері тиіп отырған шұғыл континентальды климат жағдайына жатады. 

Соңғы 50 жыл көлеміндегі орташа жылдық температура +1С-қа жоғарыласа, ал жылдық жауын-шашын мөлшері 28 мм-ге төмендеген. Жылдың 225 күнінде құрғақшылық мерзімі болады. Наурыз айынан бастап қараша айының ортасына дейін түскен жауын-шашынның мөлшерінен булану мөлшері артып, жердің жоғарғы қабаты түгелдей құрғаған. Шаң-тозаңды жел бірнеше айға дейін созылады. Жазда ауа температурасы 40-50 С-қа жетіп, құрғақ ыстық жел - «керімсал», қыста суық жел - «қара суық» соғып, мұның барлығы тек қана келушілерге ғана емес, жергілікті тұрғындарға да қолайсыз. Соның салдарынан жергілікті флора мен жеміс ағаштарының бағалы түрлері толық жойылып кету қаупі үстінде.