shape
shape

Кіріспе

Таныстыру

«Ботаникалық бақ»  –  оқу-ғылыми, өндірістік, мәдени ағарту мекемесі. Ғылыми – өндірістік жұмыстың мақсаты – декоративті және жеміс-жидек өсімдектерінің ассортименттерін жинау, олардың генофонын сақтау, технологиясын зерттеу, жергілікті ауа-райына төзімді түрлерінің көшеттерін өсіру, дайындау. Түркістан, Қызылорда облысының аудандарын, Түркістан қаласын көгалдандыруға ұсыну.

«Ботаникалық   бақ» Жаратылыстану факультетінің оқу-тәжірибе полигоны.

«Ботаникалық бақ»  колледж, мектеп оқушыларын, қала халқын декоративті, жеміс ағаштарының коллекциясымен таныстыратын демонстрациялық қызметін атқарады.

«Ботаникалық бақ» Жаратылыстану факультетінің оқытушы – профессорларын, студенттерін, магистранттарын жұмысқа тарту арқылы ғылым мен өндірістің арасын біріктіре отырып жұмыс істейді.

«Ботаникалық бақ» Қазақстан Республикасының Ғылым туралы заңдары, Қазақстан Республикасы үкіметі бекіткен қоршаған ортаны сақтау туралы Халықаралық келісімдер, конвенциялар және ғылыми-өндірістік жұмыстарды жүргізуге арналған нормативтік талаптарға сүйене отырып іс-әрекет атқарады.