Ахмет Ясауи университеті
Құрылымдық бөлімдер

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Түлектер қауымдастығы университетте қызмет етуші түлектердің бастамасымен ректор Темірбекова Жанардың қолдауының арқасында 22.06.2021 жылғы сенат мәжілісінің (№9 хаттама) шешімі негізінде құрылды.
Бүкіл түркі әлемінде жүрген түлектердің басын қосу арқылы университет имиджін көтеруді көздеген аталмыш қауымдастықтың болашаққа бағдары айқын.
Қауымдастықтың ұйымдастыруымен өткізілетін мәдени және іскерлік шаралар университет түлектерінің біртұтастығын сақтауға негіз болады деген сенім білдеріміз!

Қауымдастық Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлектерін біріктіру, арадағы ынтымақтастықты күшейту, олардың кәсіби сапасын және іс-тәжірибелік дағдыларын тұрақты жетілдіру үшін жағдай жасау, кәсіби мүдделерінің құқықтарын қорғауда материалдық, моральдық және құқықтық қолдау көрсету, университеттің стратегиялық дамуына көмектесу, университетте даярланған мамандарды жұмысқа орналастыруға, әлеуметтік, экономикалық, саяси және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруға ықпал ету.
