Ахмет Ясауи университеті
Құрылымдық бөлімдер
Халықаралық байланыстар департаменті өз қызметін Қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректорына тікелей бағынатын департамент ретінде жүзеге асырады. Департамент негізінен университеттің интернацияландыру стратегиялық жоспарына сәйкес басқа елдердегі университеттермен, жоғары оқу орындарымен және әртүрлі ұйымдармен берік ғылыми, академиялық, әлеуметтік және мәдени байланыстар орнатуды және жүргізуді; сондай-ақ университеттің барлық халықаралық қызметін үйлестіруді қамтамасыз етуді және осы мақсатта барлық бөлімдерге қолдау көрсетуді мақсат етеді.
Халықаралық байланыстар департаментінің құрылымы:

Халықаралық байланыстар департаменті өз қызметін Қаржы және халықаралық байланыстар вице-ректорына тікелей бағынатын департамент ретінде жүзеге асырады. Департамент негізінен университеттің интернацияландыру стратегиялық жоспарына сәйкес басқа елдердегі университеттермен, жоғары оқу орындарымен және әртүрлі ұйымдармен берік ғылыми, академиялық, әлеуметтік және мәдени байланыстар орнатуды және жүргізуді; сондай-ақ университеттің барлық халықаралық қызметін үйлестіруді қамтамасыз етуді және осы мақсатта барлық бөлімдерге қолдау көрсетуді мақсат етеді.
Халықаралық байланыстар департаментінің құрылымы:
Жиі қойылатын сұрақтар:
1) Академиялық ұтқырлық дегеніміз не?
-Академиялық ұтқырлық–бұл білім алушылардың немесе зерттеуші-оқытушылардың оқу немесе зерттеу жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) ауысуы.
2) Сыртқы академиялық ұтқырлық дегеніміз не?
-Сыртқы академиялық ұтқырлық-студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың, оқытушылардың шетелдік білім беру немесе ғылыми мекемелерде білім беру бағдарламаларын меңгеруі және жүзеге асыруы. Білім алушылар мен оқытушылардың сыртқы академиялық ұтқырлығы Қазақстан Республикасынан тыс оқу немесе қызметтік тапсырманы орындау үшін академиялық бір кезеңге шығу түрінде жүзеге асырылады.
3) Ішкі академиялық ұтқырлық дегеніміз не?
-Ішкі академиялық ұтқырлық-жетекші қазақстандық университеттер мен ғылыми орталықтарда студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың, оқытушылардың білім беру бағдарламаларын игеруі және жүзеге асыруы. Білім алушылар мен оқытушылардың ішкі академиялық ұтқырлығы жоғары оқу орны-әріптеспен академиялық ұтқырлық шеңберінде келісім-шарт болған жағдайда Қазақстан Республикасы шегінде іссапар түрінде жүзеге асырылады.
4) Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты?
-Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты-халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
5) Академиялық ұтқырлық қандай бағдарламалар негізінде жүзеге асады?
-ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан бөлінген грант есебінен, өз қаражаты есебінен және Орхун, Мевлана, Erasmus+ бағдарламалары негізінде жүзеге асады.
6) Академиялық ұтқырлық бағдарламасының артықшылықтары?
-ғылыми және білім беру саласында баға жетпес халықаралық тәжірибе алу;
-кәсіби білім мен практикалық дағдыларды кеңейту;
-пайдалы тілдік тәжірибеден өту;
-халықаралық мәдениаралық топта сабақ беру және қарым-қатынас жасау тәжірибесін алу.
7) Академиялық ұтқырлық бағдарламаларынан кімдер пайдалана алады?
-білім алушылар, оқытушы-профессорлар құрамы және қызметкерлер
8) Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысатын білімгер үшін қандай құжаттар талап етіледі?
1.Өтініш;
2.Жеке куәлік/Төлқұжат көшірмесі;
3.Жадынама;
4.Жеке оқу кестесі (университеттің ресми мөрімен куәландырылған);
5.Хаттама;
6.Ұсыныс хат;
7.Оқу туралы келісім;
8.Медициналық анықтама (Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламалары үшін);
9.Ағымдағы транскрипт (университеттің ресми мөрімен куәландырылған);
10.Тіл білімі деңгейін анықтау сертификаты.
9) Алмасу бағдарламаларына өтініш беретін білім алушылардың орташа бағалары (GPA балл) қанша болуы керек?
-Ең кемі 2,75/4,00 болуы керек.
10) ECTS кредиттері дегеніміз не?
-ECTS студенттің еңбегін өлшейтін жеке өзінің кредиттері бар жүйе. Студенттің еңбегіне: дәріске қатысу, дәрісханалық сағаттар және студенттің жеке жұмысына арналған сағаттар, емтихандарға дайындықтар мен сынаққа арналған шаралар жатады. ECTS кредиттері әртүрлі курстағы әр студенттің академиялық оқу жылындағы жұмыстарын және керекті мөлшерін көрсетіп тұрады.
ECTS жүйесіндегі ортақ жылдық жүктеме 60 кредитке тең. Бір семестрге 30 кредиттен келеді. Бір ECTS кредит 25-30 академиялық сағатқа тең.


Университет білімгерлерінің мамандығы бойынша тәжірибе алмасу үдерісін ұдайы жетілдіру, шетелдік білімгерлерді университетімізге тарту;
Визитинг-профессор бағдарламасымен келген профессорлардың факультеттердегі дәрістерінің жүргізілуін, семинар, конференцияларын ұйымдастыру және қадағалау;
ҚР ҒжЖБМ тарапынан бөлінетін бағдарламаларға қатысуға ықпал ету;
Еуропа мен Түркия тарапынан ұйымдастырылатын шетел ЖББҰ-нан академиялық ұтқырлық бағдарламасына (Орхун, Мевлана, Эрасмус +, ҚР ҒжЖБМ гранты) қатысу;
Университеттің халықаралық деңгейде дәрежесін арттыру;
Білім беру саласында академиялық ұтқырлықты көтеру мақсатында шет
елдік және отандық университеттердің білім беру бағдарламаларына мониторинг жасау және келісім-шартқа тұру;
Халықаралық байланыстар бойынша мекемелермен келісім-шарт, меморандум жасау үшін дайындық жұмыстарын жүргізу;
Қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша шетелдік ЖББҰ-мен келісім-шартқа отыру;
ҚР ЖББҰ-мен университетіміздің арасында меморандумдар жасау және жасалған меморандумдар негізінде ішкі ұтқырлық бағдарламасы аясында жұмыс жасау;
Университетке қызметке шақырылған оқытушы-профессорларға, қызметкерлерге және оқуға қабылданған магистрант, доктарант, студенттерге визалық қолдау жұмыстарын ұйымдастыру және төлқұжаттарын Қазақстан Республикасының шекарасынан өткеннен кейін 3 тәуліктің ішінде жергілікті Көші-қон органдарында тіркеу жұмыстарын жүргізу;
Шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының қолданыстағы білім беру саласындағы заңнамаларын, білім беру ұйымдарының ішкі тәртіп ережесін түсіндіру (силлабус дайындау, жазбалар жазу, емтихан сұрақтарын дайындау, емтихандар қабылдау, платонус т.б. жағдайларды түсінбеген жағдайда факультет, кафедралармен байланысып орындауына атсалысу);
Шетелдік қызметкерлер және студенттерге қолдау көрсету мақсатында жергілікті басқармалармен тығыз байланыс орнату (халыққа қызмет көрсету орталығы, банктер, туризм, қалалық білім басқармасы);
Университетімізде жұмыс атқарып жүрген шетел азаматтарының келісім-шарт, төлқұжат мерзімі аяқталуын немесе әрі қарай ұзартылуын қадағалау;
Қолданыстағы Ереженің талаптарына сай Университетімізге келген әрбір шетелдік қызметкерлерді міндетті медициналық тексеруден өтуін ұйымдастыру;
Шетелден келген білімгерлердің құжаттарын растау мақсатында нострификация және нотариалды растау жұмыстарын жүргізу;
Халықаралық деңгейде өткізілетін конференциялар және шетел студенттерімен кездесу іс-шараларын ұйымдастыру жұмыстарына атсалысу;
Университетімізге әр түрлі бағдарлама аясында келген шетелдік оқытушы профессорларды күтіп алу, шығарып салу жұмыстарын ұйымдастыру.
.png)
.png)