Ахмет Ясауи университеті
Құрылымдық бөлімдер

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Архив» бөлімі университеттің Жауапты хатшыға қарасты құрылымдық бөлімі болып табылады.
«Архив» бөлімі қызметінің негізгі бағыттары:
мұрағаттық анықтамалар жазу, құжаттардың көшірмелері мен үзінділерін әзірлеу және оларды ресімдеу.
«Архив» бөлімнің алдына қойылған міндеттерін орындау үшін қажетті ақпараттарды алу мақсатында университеттің барлық құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым -қатынаста болады.

Архив бөліміне жүктелген барлық тапсырмалаларды уақытылы орындау (Құзырлы органдардан,әртүрлі мекемелерден,жеке-тұлғалардан келген сұрау хаттарға,университет бөлімдерінен келген қызмет хаттарға, архив бөліміне сақтауға алынған құжаттарды түптеп EXCEL базаға енгізу).

Университеттің негізгі қызметін қамтамасыз ету мақсатында басқа да құрылымдық бөлімшелерімен өзара әректтесуді ұйымдастыру. Университеттің әкімшілік-басқармаларының құжаттарын қабылдап, түптеп саралап жүйелеу. Құжаттардың сандық және сапалық құрамы, дамуы мен қозғалысы туралы мәліметтер жинау және жүйелеу. Этикалық және тәртіптік комиссияның талаптарына сәйкес ішкі тәртәптердің сақталуын қамтамасыз ету. Университет пен кәсіподақ мүшелері арасындағы ұжымдық шарт талаптарының орындалуын қамтамасыз ету. Қызметкерлердің аттестациясын ұйымдастыру, аттестация нәтижесін сараптау. Цифрлық архивті дамыту.