Құрылымдық бөлімдер
Құрылымдық бөлімдер
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығына сәйкес, 2023 жылдың сәйір айынан бастап Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальді емес білім беру оқу-курстарын ұйымдастыра бастады.
Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың біліктілігін жетілдіру университеттің профессорлық-оқытушылық құрамымен бірге Қосымша және формальді емес білім беру офисінің тақырыптық жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Университетте әлемнің жетекші Университеттерінде біліктілігін арттырған жоғары білікті, жоғары және бірінші санаттағы ғылыми дәрежесі бар кандидаттар, Phd докторлар, академиялық дәрежесі бар магистр оқытушылық құрам дәріс береді.
Тыңдаушыларды оқыту екі тілде жүреді, мемлекеттік және орыс тілінде.
Мақсаты: Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальді емес оқу-курстарын сапалы бағытта білім беру.
Міндеті: Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығын іске асыру.
Біліктілікті арттыру - бұрын алған кәсіптік білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге, сондай-ақ негізгі мамандық ішінде жаңа (қосымша) құзыреттерді игеруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысаны;
Қосымша білім беру бағдарламаларының ұзақтығы біліктілікті арттыру үшін 2 кредиттен (60 сағат) 9 кредитке (270 сағат) дейін, бір кредит 30 академиялық сағатқа тең.
Формальды емес білім беру – оқу орны, мерзімі мен нысаны есепке алынбай көрсетілетін білім беру қызметтерін көрсететін ұйымдарымен жүзеге асыралатын және оқыту нәтижелерін растайтын құжат берілетін білім беру түрі.
Формальды емес білім беру келесі нысандарда жүзеге асырылады: семинарлар, тренингтер, мастер-кластар, тағылымдамалар, вебинарлар, онлайн курстар.
- университеттің Жоғары медециналық білімнен кейінгі білім беру факультетінің жұмысына, қажетті материалды-техникалық құрал жабдықтармен қамтамасыз етеді;
- оқу (соның ішінде клиникалық базалардағы оқу бөлмелері) және жатақхана ғимараттарын дұрыс пайдалану жұмыстарын ұйымдастырады, қадағалайды;
- күрделі және қайта жөндеу, құрылыс жұмыстарын жүргізуге ректоратқа ұсыныс береді;
- ғимараттардағы құнды материалдық заттардың сақталуын қамтамасыз етеді;
- ғимараттардағы құрал-жабдықтардың техникалық жағдайларын қадағалайды;
- ғимараттардағы жарық, жылы су, газ, байланыс жүйелерін, лас құбырларының және желдеткіш жабдықтарының үнемді және қауіпсіз пайдалану жұмыстарын қамтамасыз етуді қадағалайды;
- пәндер бойынша сынақтар, емтихандар, аттестациялар, мемлекеттік емтихандар және түрлі жиналыстар мен іс-шараларды ұйымдастыруда техникалық құрылғылардың жүйелі түрде жұмыс істеуін (интернет байланысы, компьютерлер, сынақ бағдарламасы, бейнебақылау камераларының, электрэнергиясының және музыкалық, дыбыстық аппараттардың жүйелі түрдегі жұмысын) қамтамасыз етеді;
- білім алушылардың денсаулығына медициналық көмек алуды (медициналық бекеттер) қамтамасыз етуді қадағалайды;
- тәрбие жұмыстарының барысын қадағалайды;
- кітапхананың сапалы қызмет көрсетуін ұйымдастырады;
- кітапхана қорын заманауи кітаптармен толықтыруға ұсыныс береді;
- ғимараттарда антитеррорлық шараларға байланысты бейнебақылау камералары, кіріп-шығуды бақылау (турникет) және дыбыстық құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуді қадағалайды.
- еңбек және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, санитарлық-тазалық іс-шараларының сақталуын қадағалайды;
Шымкент кампусының әкімшілік-шаруашылық қызметінде 14 қызметкер жұмыс істейді. Олар әкімшілік басқару, персоналды басқару және құжат айналымы, бухгалтерлік есеп, кітапханалық қызмет көрсету, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және оқу ғимаратын күтіп ұстау жұмыстарын атқарады.
Жатақханада 8 қызметкер жұмыс істейді: жатақхана меңгерушісі, төсек орын беруші, екі жұмысшы, үш еден жуушы және мейірбике. Олар жатақхананың күнделікті жұмысын қамтамасыз етіп, тазалықты сақтауға және білім алушыларға қолайлы тұрмыстық жағдай жасауға атсалысады.
Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті 1991 жылы ашылғылы, Медицина факультетінің алғашқы деканы профессор Е.Бекмуратовтың бастауымен Түркістан және Кентау қалаларында, негізі қаланып, білім алушыларды оқыта бастады.
1995 жылы 5 курстан бастап медицина факультетінің білім алушылары Шымкент қаласындағы медициналық-санитарлық «Фосфор» бірлестігінің базасына көшіріліп, білім алуын жалғастыра бастады.
1996 жылы 19 мамыр айында Университеттің Үкіметаралық Өкілетті кеңесінің 5-ші мәжіліс шешімімен Шымкент қаласындағы «Қоғамдық және Жаратылыс ғылымдары институтын» құру ұсынысы қабылданды.
1997-2003 жылдар аралығында медицина факультетінің декан қызметін, медициналық-санитарлық «Фосфор» бірлестігінің клиника директоры профессор И.О.Байдаулетов атқарды.
2003 жылы 10 қаңтар айында Қазақстан-Түркия республикаларының Университеттің Үкіметаралық Өкілетті кеңесінің 18-ші жиналысының шешімімен Шымкент бөлімшесі «А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Шымкент филиалы» болып өзгертілді.
2003 жылы 25 шілде айында университеттің Үкіметаралық Өкілетті Кеңес Басқармасының 20-шы мәжіліс шешімімен «А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Шымкент институты» болып қайта қалыптастырылды.
2003-2008 жылдар аралығында медицина факультетінің декан қызметін медицина ғылымдарының докторы, профессор Н.К.Тузелбаев атқарды.
2008-2009 жылдар аралығында медицина факультетінің декан қызметін медицина ғылымдарының докторы, профессор А.З.Сатханбаев атқарды.
2009 жылы 28 тамыз айында №7 Сенат мәжілісінің шешімімен университеттің «Оқу-клиникалық базасы» болып өзгерді.
2009-2017 жылдар аралығында Оқу-клиникалық базасының директоры қызметін медицина ғылымдарының докторы, профессор Р.С.Бектурганов атқарды.
2014 жылы 12 қыркүйек айында Сенат мәжілісінің 3.7 шешіміне сәйкес, Оқу-клиникалық базасы, «А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Шымкент медицина институты» болып өзгертілді.
2017-2018 жылдар аралығында Шымкент медицина институтының директоры қызметін медицина ғылымдарының докторы, профессор У.А.Жумабаев атқарды.
2021 жылы 22 маусым айындағы кезектен тыс Сенат мәжілісінің №9 хаттамасына сәйкес 2021 жылдың 01 қыркүйегінен бастап Шымкент медицина институты, «А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Шымент кампусы» болып өзгертілді.
2021-2022 жылдар аралығында Шымкент кампусының директор қызметін РһD Н.С.Жанабаев атқарды.
2022 жылдан бастап Шымкент кампусының директоры қызметін РһD Т.Ануарбек атқаруда.