Ахмет Ясауи университеті
Құрылымдық бөлімдер

Бүгінгі күні дүние жүзінде зияткерлік ойындарды дамыту, өркендету маңызды мәнге ие болып отыр. Өйткені жеке тұлғаның біліктілік қасиеттері мұндай ойындар арқылы шыңдала түседі. Зияткерлік ойындар дегеніміз – ой шығармашылығын дамытатын спорт түрі.
Қазіргі қоғамға шығармашылықпен ойлана алатын, стандартты емес шешімдер қабылдай алатын, жағдайға тез және барабар жауап бере алатын белсенді және инициативті тұлға қажет. Бұл білім беру міндеттерін жаңадан қарап, таңдап алынған салада өмір сүру үшін қажетті кәсіби маңызды қасиеттерді қалыптастыра отырып, оларды шығармашылықпен қолдануға үйретуді талап етеді. Бұл мәселені зияткерлі ойындарды тиімдіқолдану арқылы шешуге болады.
Түркі халықтарының зияткерлік ойындар орталығының білім беру жүйесіндегі өзектілігі мен қажеттілігі де қоғамның бүгінгі үдерісінен туындайды. Орталықтың көкейкестілігі - Түркілік зияткерлік ойындардың классификациясы мен библиографиясын жасап, олардың тиімді үлгілерін білім беру жүйесінде пайдалану арқылы әлеуметтік-мәдени саладағы болашақ маманның кәсіби маңызды қасиеттерін дамыту болып табылады.
.jpg)
Орталық төмендегідей қызметтерден тұрады:
Орталық басшысының қызметі:
1.Отандық және халықаралық зияткерлік құрылымдар және практикалық орталықтармен ынтымақтастық қатынастарын орнату арқылы орталықтың мақсатына сай жобаларды дайындауды қамтамасыз ету;
2.Отандық және халықаралық зияткерлік орталықтармен ынтымақтастық негіздері мен бағыттарын белгілеу;
3.Жылдық жұмыс бағдарламасын бекіту.
Орталықтың ұйымдастырушы маманының қызметі:
Орталық хатшысының қызметі:

Ұлттық ойын дегеніміз – ұлттық мәдениеттің қайнар көзі. Оның негізінде дүниетаным, тіл мен этномәдениет көріністері бар. Қоғамдар ауысып, уақыт өткен сайын ұлттық ойындардың ішінде өміршеңдігін жоғалтпай, замана ағымына ілесе білген түрлері ғана сақталып, көпшіліктің қолдауына ие болып, әлемдік деңгейге көтеріледі. Міне сондай құнды мұралардың бірі – зияткерлік ойындар.
Бүгінгі күні дүние жүзінде зияткерлік ойындарды дамыту, өркендету маңызды мәнге ие болып отыр. Өйткені жеке тұлғаның біліктілік қасиеттері мұндай ойындар арқылы шыңдала түседі. Зияткерлік ойындар дегеніміз – ой шығармашылығын дамытатын спорт түрі.
Қазіргі қоғамға шығармашылықпен ойлана алатын, стандартты емес шешімдер қабылдай алатын, жағдайға тез және барабар жауап бере алатын белсенді және инициативті тұлға қажет. Бұл білім беру міндеттерін жаңадан қарап, таңдап алынған салада өмір сүру үшін қажетті кәсіби маңызды қасиеттерді қалыптастыра отырып, оларды шығармашылықпен қолдануға үйретуді талап етеді. Бұл мәселені зияткерлік ойындарды тиімді қолдану арқылы шешуге болады.
Түркі халықтарының зияткерлік ойындар орталығының білім беру жүйесіндегі өзектілігі мен қажеттілігі де қоғамның бүгінгі үдерісінен туындайды. Орталықтың көкейкестілігі - Түркілік зияткерлік ойындардың классификациясы мен библиографиясын жасап, олардың тиімді үлгілерін білім беру жүйесінде пайдалану арқылы әлеуметтік-мәдени саладағы болашақ маманның кәсіби маңызды қасиеттерін дамыту болып табылады.
Мақсатымыз:
(1).png)