Жатақхана меңгерушісі жұмысқа кіріспес бұрын жатақхана ішкі-сыртқы аумағының тазалығын, жарықтың уақытылы қосылуын, күндіз жанып қалмауын, жалпы ғимараттың ішкі-сыртқы инженерлік жүйелерінің бірқалыпты жұмыс істеуін қадағалау. Жатақхана меңгерушісі бұйрықпен бекітілген қарамағындағы қызметкерлерге тоқсан сайын жұмыс орнында техника қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жөнінде инструктаж өткізуге міндетті. Жатақхана меңгерушісі ғимараттардағы инженерлік жүйелерге мезгіл-мезгілімен жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Қысқы жылу маусымына жылу жүйелерін дайындауға, өрт сөндіру крандарын қалыпты жағдайда істеуіне, ауыз су жүйелерінің бірқалыпты жұмыс істеуіне, жарықтың қалыпты жағдайда болуына және осы аталған жүйелердің мамандарымен бірлесе жұмыс жасайды. Жатақхана меңгерушісі жылына бір рет жаз айларында ғимаратқа жоспарлы түрде ағымдағы жөндеу жұмысын жүргізеді. Жалпы жатақханада студенттерге жайлы жағдай жасау.