shape
shape

Яссы Қонақ үйі

  • Даму және үйлестіру департаменті
Құрылымдық бөлімдер / Әкімшілік департаменттер / Даму және үйлестіру департаменті

Яссы Қонақ үйі

Course Image Құрылымдық бөлімдер Әкімшілік департаменттер

Таныстыру

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің туризм кафедрасының практикалық дағдыларын дамытуға арналған «Яссы» қонақ үйі университетімізге қарасты мекеме болып табылады. «Яссы» қонақ үйі қаланың орталығында орналасқан туристердің арасында аса танымалды бұл қонақ үй инфрақұрылымы мен көлік жол айрығымен ерекшеленеді. Әрі қонақ үйден Қожа Ахмет Ясауи кесенесін 400 метр аралықтан тамашалай алуға болады. Орталық базарға жеңіл автокөлікпен 5 минутта (2 км), жаңа қала ықшам ауданына 10 минутта (7 км), әуежайға 30 минутта (23 км) жетуге болады. Қонақ үй ғимараты жалпы 4 қабаттан, 34 бөлмеден тұрады. Ондағы 1- қабатында ресторан, VIP ресторан, әкімшілік және жертөле бөлігінде кір жуу бөлімі, 2-3-4 қабаттарында қонақ бөлмелері орналасқан. Бөлмелерімізде теледидар, кондиционер, мини-бар, фен, тегін wifi және табиғи газбен жылыту жүйесі, тегін автотұрақ қызметі бар, ал бөлме іші жаңадан безендірілген.

Қызметтеріміз

Қонақ үй жұмысының негізгі қызметі кез келген қонақты жылы қабақпен сыпайы қарсы алып, максималды түрде қанағаттанарлықтай жай күйін жасау. Қонақтармен қаржылық есеп айырысуды жүзеге асырып, сондай-ақ аударымдар, экскурсияларды ұйымдастыру және таксиге тапсырыс беру сияқты түрлі қосымша қызметтерді ұсынады. Қонақ үй бизнесіндегі негізгі тәжірибе, сондай-ақ сөйлесу деңгейіндегі шет тілдерін білу құпталады. Қонақтармен даулық сұрақтарды тез арада оңтайлы шешуге тырысу және қонақтың келесі жолы қайта қонақ үйге келуі қонақ үй қызметінің жоғары комплексі деп танылады.