Құрылымдық бөлімдер
Құрылымдық бөлімдер
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Спорттық-сауықтыру орталығы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктері туралы заңдарын, басқа Қазақстан Республикасының қазіргі күшіндегі заңдары мен нормативтік актілерін, Қазақстан Республикасы университеттерінің Ұлттық-спорттық одақ Жарғысын, университет Жарғысын, осы Ереже мен университет ректорының бұйрықтарын басшылыққа алады.
Университетіміздің спорттық-сауықтыру орталығының бекітілген жоспарына сәйкес, жыл сайын факультетаралық студенттер арасында, оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлер арасында спорттық жарыстар және студенттер арасында дәстүрлі спартакиада жарыстары ұйымдастырылып келеді. Бұл іс-шаралардың басты мақсаты- қатысушылар арасындағы достық пен ынтымақтастықты насихаттау, салауатты өмір салтын орнықтыру және ұлтаралық бірлікті нығайту болып табылады.
Осы мақсатта жарыстар бағдарламасы спорттың бірнеше дәстүрлі түрлерімен қатар, ата-бабамыздан мұра болып қалған ұлттық спорт түрлерімен (қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тартыс) толықтырылды. Ұлттық ойындарды дәріптеу арқылы біз жастардың бойындағы отансүйгіштік сезім мен мәдени құндылықтарды жаңғыртуды көздейміз.
Сонымен қатар, бұл спорттық шаралар жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына, олардың зиянды әдеттерден аулақ болып, физикалық және интеллектуалдық тұрғыдан үйлесімді дамуына үлкен септігін тигізеді. Спорттық-сауықтыру орталығы ұйымдастыратын бұл турнирлер студенттердің көшбасшылық қасиеттерін шыңдап, оларды ортақ жеңістер мен биік белестерге жұмылдыратын бірегей алаңға айналды.
«Біздің мақтаныштарымыз»
Халықаралық және республикалық ареналарда ел намысымен қатар, университетіміздің де абыройын асқақтатып жүрген спортшылар
Спорт және спорттық инфрақұрылым