Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, «Жастар саясаты» департаментіне қарасты Жатақханалар бөлімі студенттерді және ОПҚ-ы мен қызметкерлерді жатақханаға орналастырумен айналысады. Университетке қарасты 7 студенттік және 3 жанұялық жатақханалар бар. Олар: №1 Қыздар жатақханасы (сиымдылығы 491), №2 Ерлер жатақханасы (сиымдылығы 562), №3 студенттік жатақханасы (сиымдылығы 359), №5 студенттік жатақханасы (сиымдылығы 500), №6 Қыздар жатақханасы (сиымдылығы 360), Кентау кампусының студенттік жатақханасы (сиымдылығы 390), Шымкент кампусының студенттік жатақханасы (сиымдылығы 380), Мағжан, Тұран және Самал жанұялық жатақханалары.
Студенттік жатақханаларда 2, 4 және 6 адамға арналған бөлмелер бар. Жалпы жатақханалар университеттің кампусында орналасқан. Жатақхана ішінде оқу залдары, кітапхана, фитнес залдары, теннис, футбол, баскетбол және волейбол алаңдары, сауықтыру орталығы мен асхана бар.
-жатақханаларға студенттерді қабылдау жұмыстарын жүргізу;
-жатақханаларды жабдықтармен қамтамасыз етуге ықпал жасау;
-жатақханаларды қысқы маусымға дайындау жұмыстарын бақылау;
-өтініш білдірген студенттерді қабылдау жұмыстарын жедел жүргізу;
-жатақханалардың қысқы маусымға дайындық жұмыстарын тексеріп, жылудың уақытылы берілуін қадағалау;
жатақханалар бөлімінің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру;
- университ басшылары мен құрылымдарынан келген құжаттарды ( бұйрық, ресми қызметтік хаттар) уақытылы орындау;
- жатақханада студенттердің ішкі тәртіп ережелерін сақтауын қадағалау;
- жатақханада орын алған тәртіп бұзушылықта тиісті шаралар қолданылуын қадағалау;
- жатақхана шаруашылық жұмыстарына орындалуын қадағалау;