shape
shape

Біздің қызметтеріміз

Заң бөлімінің негізгі міндеттері:

  • Құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта және өзге органдарда белгіленген тәртіппен университеттің мүдделерін қорғауға.
  • Университет Президентіне қол қоюға ұсынылатын бұйрықтар, нұсқаулар, шарттар және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттар жобаларының қолданыстағы заң талаптарына сәйкестігін тексеруге және осы құжаттарға белгі соғуға. Аталған құжаттардың жобалары қолданыстағы заң талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, оларға белгі соқпай, әдетте үш күн мерзім ішінде оларды шешудің заңды тәртібі туралы ұсыныспен жазбаша қорытынды беруге.
  • Шағымдық – талаптық жұмысты ұйымдастыруға және жүргізуге.
  • Шаруашылық шарттарды дайындауға қатысуға және оларға белгі соғуға.
  • Шарттардың, келісімдердің дайындалу және орындалу тәжірибесін, сондай-ақ шағымдардың қаралу нәтижелерін талдайды және қорытындылайды, басшылыққа анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар беруге.
  • Еңбек тәртібін нығайту жөніндегі шараларды дайындауға және жүзеге асыруға қатысуға.
  • Талан-таражға салу, бас пайдасы үшін қиянат жасау, кем шығу және өзге құқық бұзушылықтар туралы тиісті қызметтер дайындаған (тексеру, бухгалтерлік-қаржылық және т.б) материалдарды тергеу, сот орындарына беру үшін заңды ресімдеуді жүзеге асыруға.
  • Университеттің құқықтық жұмыстарына әдістемелік басшылық етуге.
  • Университет, құрылымдық бөлімдер қызметінде туындайтын құқықтық мәселелер жөнінде кеңестер, қорытындылар, мәліметтер береді.
  • Университет қызметкерлерін тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту жөніндегі ұсыныстарға қорытынды дайындайды.
  • Университет Президентіне белгіленген тәртіпппен ұсыну үшін университеттің құқықтық жұмысы туралы есебін дайындауға.