shape
shape

Біздің міндеттеріміз

Міндеттер

Міндеттері:

  • Қазақстан Республикасы Конституциясының және Республикасы Конституциясының қолданыста бар заңнамаларын және басқа да нормативтік құжаттарының нормаларының талаптарын сақтауға;
  • Қорғауға алынған объектілері мен тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
  • Жұмыс уақытынан тыс уақытта университет аумағына және үй-жайларына бөгде адамдардың кедергісіз кіруіне жол бермеу үшін барлық шараларды қолдану;
  • Тәулік бойы локализациялар және залалды азайту үшін  ХҚТУ аумағында және оқу ғимараттарында қылмыстық сипаттағы барлық оқиғаларға дер кезінде әрекет ету;
  • Жасалған құқық бұзушылықтың немесе қылмыстың әрбір фактісі туралы ХҚТУ-нің басшылығына дереу хабарлауға;
  • Шұғыл шешімдер қабылдау үшін қажетті ақпаратты уақытылы беру;
  • Университет нысандарын күзететін қауіпсіздік қызметкерлерін бақылау және тексеру;Күзетілген объектілердің техникалық жабдықталуының жай-күйін жүзеге асыру, оларды жою мақсатында барлық ақаулар туралы ХҚТУ басшылығына уақытылы баяндау.
  • Университетінің аумағындағы және объектілеріндегі бейнебақылау жүйелерінің жұмысын,қосалқы объектілеріне кіргізу ретін бақылау жүргізу;
  • Адамдардың ХҚТУ-нің аумағына, әкімшілік және оқу ғимараттарына, ХҚТУ басқа да қосалқы объектілеріне кіргізу ретін бақылауға;
  • ХҚТУ-нің аумағына автомобиль көлігінің кіруін бақылауға;
  • ХҚТУ-нің басшылығына оның қызметіне байланысты жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді;
  • ХҚТУ профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері арасында қоғамға жат әрекеттерді,радикалды-экстремистік идеологияны таратуға бағытталған қызметті жүзеге асыратын, басқа да құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды жасауға бейім тұлғаларды анықтау бойынша профилактикалық және басқа да іс-шараларды жүргізуге;ХҚТУ-нің профессорлық-оқытушылық құрамы,қызметкерлері және студенттері тарапынан қызметтік және өзге де құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізуге;
  • ХҚТУ-нің мемлекеттік сатып алу және басқа да шаруашылық қызметі саласындағы экономикалық құқық бұзушылық фактілерін және ХҚТУ қызметкерлері тарапынан ықтимал сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау бойынша жұмыстарды жүргізуге;
  • Қажет болған жағдайда және ХҚТУ ректорының бұйрығының негізінде материалдық-техникалық құралдарды сатып алуға қатысу;
  • Түркістан қаласының құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, ХҚТУ өткізетін іс-шараларға құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін қатысуға;
  • Департамент құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ХҚТУ жеке және заңды тұлғалардың, оқытушылар құрамының, қызметкерлері мен студенттерінің хаттарын, шағымдары мен өтініштерін қарауға;
  • ХҚТУ-нің жұмыс істеуге үміткерлерді ірітеуді және іріктеуді жақсартуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуде адам ресурстарын басқару бөліміне көмек көрсетуге;
  • ХҚТУ-нің ректорының бұйрығы негізінде өз құзыреті шегінде қызметтік тексерулер жүргізу, түсініктемелер алу, қажетті құжаттаманы алып қою, тексеру материалдарына қоса беру үшін оның көшірмелерін жасау, сұрау салу қажетті ақпаратты алу. Басқа мемлекеттік органдарда ХҚТУ-нің ректорының рұқсаты бойынша жүзеге асырылады;
  • Ресми аудит тексеріс шеңберінде ХҚТУ ішкі қауіпсіздік мәселелері бойынша ХҚТУ профессорлық-оқытушылық құрамын, қызметкерлерін және студенттерін сауалнамаға шақыру және түсініктеме алуға;
  • Қызметтік аудит нәтижелері бойынша ХҚТУ басшылығына ұсыныстар енгізуге;
  • ХҚТУ-нің профессорлық-оқытушылық құрамымен және қызметкерлерімен қызметтік тәртіпті сақтау, еңбекті қорғау және азаматтық қорғау шаралары бойынша нұсқаулық сабақтарын өткізуге.