РАХМАНҚҰЛ БЕРДІБАЙ, университет мақтанышы, түркі ғұламасы, академик

Ғұлама мәңгүрттік пен көзқамандық құбылыстарын былайша жіктейді: Мәңгүрттер дегеніміз жау қолында тұтқын болып,қорлық-зорлық атаулының бәрін көріп, миына жазылмастай зақым келген, қай елден шыққанын, кімнен туғанын білмейтін, тек кеудесінде жаны бар, ішіп-жеуге, қарадүрсін жұмыстарды атқаруға ғана қабілетті аянышты пенделер екен.
Кезінде Қазақ ғұламасы Рахманқұл Бердібайдың азаматтық тұрғыда пайымдауынша, егер қазір Конституция мен Тіл туралы заң талабына сәйкес мемлекеттік қызмет орындарында, жергілікті орындарда, кеңселерде істі міндетті түрде екі тілде жүргізу талабы қойылса, басшылар міндетті түрде қазақ тілін білуге тиіс болса, мұнан орыс тілді жұртшылық ешқандай зиян көре қоймайды.
Басқа жерді айтпай-ақ қояйын, қасиетті Түркістанда аруағыңа сыйынып жүрген ізбасарларың, біздер, мен, Жанымгүл, тағы басқалар бармыз. Аруағыңмен желеп, жебеп жүргейсің, ғұлама көке! Дидарың пейіштің төрінде бал-бұл жанып жүрген болар! Аруағыңның алдында басымды иіп тұрмын...
«Рахманқұл Бердібаев тек қазақ халқына ғана емес, жалпы түркі әлеміне ортақ ғұлама ғалымдардың бірі еді. ... Қазақ ауыз әдебиетін жалпы түркілік негізде зерттей отырып, түркі әлеміне ортақ қазына саналатын ұшан-теңіз мол мұраның түпқазығы қазақ елі екенін бар әлемге танытып кетті. Өзінің мінез-құлқы қандай сырбаз болса, зерттеу еңбектері де табиғатына сай жоғары мәдениеттілікті баршамызға мәлімдете білді. Ұлылардың соңғы бәйтерегі құлады».
Әтіргүл ТӘШІМ, аға оқытушы:
М.Глинка атындағы вокалистер байқауының дипломанты, Абай атындағы опера және балет театры мен әлемнің үздік сахналарында өнер көрсеткен өнер саңлағы,
Рахима Жұбатырова еліміздегі ең үздік сопрано дауысын опералық қойылымдарда М.Төлебаевтың «Біржан-Сара», Е.Брусиловскийдің «Ер Тарғын», Е.Рахмадиевтің «Алпамыс», «Қамар сұлу», Ғ.Жұбанованың «Еңлік-Кебек», Дж.Вердидің «Аида», «Бал-Маскарад», Дж. Пуччиндің «Чио-Чио-Сан», Н.А.Римский-Корсаковтың «Царская невеста» операларында басты партияларды орындаған опера әншісі.
Консерваторияны бітірісімен, Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театрына жұмысқа қабылдандым. Содан табан аудармай 34 жыл осы қарашаңырақта қызмет еттім. Театрмен қатар 10 жылдай Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияда вокалдан дәріс бердім. Консерваториядағы ұстаздық қызметім үшін профессор атағы берілді. 2003 жылы А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің басшысы Серік Пірәлиев пен Райымбек Сейітметов маған осында ұстаздық етуге ұсыныс білдірді. Келісім бердім. Иә, көпшілік үшін менің шалғайдағы шағын қалаға жол тартуым жұмбақ болғаны да рас. Біріншіден, денсаулығыма байланысты, екіншіден, Тұран топырағында өз мектебімді қалыптастыру үшін саналы түрде келдім. Қазіргі таңда Өнер факультетінің Вокал кафедрасында ұстаздық қызмет етіп келемін.
Менің өзім кіл мықты ұстаздардан дәріс алдым. Консерваторияда Нәдия Шәріповадан дәріс алдым. Ұлағатты ұстаз, ҚР Халық әртісі Нәдия Әбдірахманқызы Мәскеуде аспирантура бітірген, шебер педагог болатын. Біраз уақыттан соң профессор М.Н.Худавердованың сыныбына ауыстым.
Маргарита Николаевна кезінде Мәскеуде профессор Далиеваның тәлімін алған. Ал Далиева даңқты опера жұлдызы Умберто Мазеттиден (патшалық Ресей тұсында) дәріс алған. Қысқасы, мен әуел бастан мықты қалыптасқан италяндық опера мектебінен тәлім алдым. Мықты база болды. Вокалдан 9 жылдық білімім бар деп айта аламын. Консерваторияда жеті жыл, екі жыл Үлкен театрда тағлымдамадан өтіп, шыңдала түстім. Театрда алғашқы бес жылым қазақ спектакльдеріндегі шағын партияларды орындаудан бастап, театр солисіне айналдым. 1975 жылы мені Мәскеудегі Үлкен театрға 2 жылға тағлымдамадан өтуге жіберді. Бұл менің шығармашылығымдағы үлкен бір белес-тін. Сол кездерде КСРО Мәдениет министрлігінің жастар шығармашылығы бойынша комиссиясы елді, бүкіл Орта Азияны аралап, талантты жастарды іздейтін үрдіс болушы еді. Біздің театрымызда болған комиссия бәрімізді тыңдап, қорытындыда мені таңдады. Үлкен театр... Екінің бірінің уысына түсе бермейтін, басына қона қоймайтын бақыт. Үлкен театрда атақты Ирина Архипова, Тамара Милашкина, Фуат Мансуров, Белла Руденкодай ұстаздардан тәлім алдым. Мықты концертмейстерлерден үйрендім. Олардың бәрі Италияда білім алған. Үлкен театр сахнасында «Мадам Баттерфляй» партиясын Владислав Пьявкомен орындадым. Сондай-ақ, театр Слонимконың «Мария Стюарт» қойылымын қойып, онда басты партияны орындап шықтым. Премьераға даңқты композитордың өзі келіп қатысып, соңында қолымды қысып ризашылығын білдірген-ді. Маған қатты әсер еткен әнші – Күләш. Күләштің бүкіл жазбасы, әндері менің ішкі жан-дүниемді қозғайтын. Күләш Байсейітова – мың жылда бір туатын сирек дарын. Консерватория бітірмеген, Еуропа сахнасын, тағлымын көрмей-ақ, сондай биік әндерді, партияларды керемет шырқаған. Алланың адамзатқа берген сыйының ғажап үлгісі дер едім бұл кісінің талантын. Оның тау суындай таза сыңғыр үні, бриллиант тембрі құлағымда ғана емес, жүрегімде мәңгілік орын алды.
Олардың әрқайсысының өз орны бар. Опера және балет театрында (ГАТОБ) 34 жыл қызмет істедім. Сөз жоқ, бүкіл жастығым сонда өтті. Сондықтан да бұл өнер ордасының орны ерекше.
Театрда – сахнадағы партнерім, ұстазым Ермек Серкебаевтың есімін ерекше атап өтер едім. Нариман Қаражігітов, Василий Ковенко, Евгений Сааков, Ғафиз Есімов, Ұлан Кенжебеков, Әлібек Дінішевтермен бірге жұмыс істедім. Кейінгі жастардан Марат Мұсабаевты партнерім десем болады.
Шетелден келген әртістермен батыс классикалық шығармаларын айтатынмын. Консерваториядағы еңбек жолым да жеміссіз емес. Шәкірттерім О.Лукашева, Г.Дәуірбаева, Е.Никоновалар қазір Алматыдағы опера және балет театрының белді солистері, Г.Нұрғалиева консерваторияда доцент. Ал, осында өткен он жыл... Мұнда да ізсіз емеспін. Вокал мектебін – Рахима Жұбатырова мектебін қалыптастырудамын.
Он шақты түлегіміз Шымкенттегі облыстық опера-балет театрында қызмет істеп жүр. Мәдениет қайраткері Оразкүл Дәулетова, халықаралық байқаулар жүлдегері Ерлан Жандарбай, Әйгерім Әлжанова, Жұлдыз Мұсаева сынды таланттарды тәрбиелеп шығардым.
Таза вокал мектебі қалыптасты. Бірақ өнерпаз мұнымен тоқтамауы тиіс. Мен шәкірттеріме үнемі өнерпаз өмір бойы талмай ізденеді, оқиды деп айтып отырамын. Интеллект өспейінше, академизмге қол жетпейді. Онсыз батыс классикасына тісіміз батады деп ойламаңдар, әдебиетті, әлемдік классиканы оқу керек деймін. Түркістанға келгендегі мақсатым – Оңтүстік өңірінен талантты жастарды іздеп табу болатын. Екінші, болашақ Серкебаевты, Дінішевті іздеудемін. Қазіргі таңда Шымкент қаласындағы облыстық опера-балет театрының кеңесшісімін. Жергілікті басшылықпен байланыс жасап, театрдың екі қызметкерін Италияда оқытуға мүмкіндік алдық. Бүгінгі таңда театр қызметкерлерімен тәжірибемді бөлісу арқылы олардың өнер әлемінде шыңдала түсуіне үлес қосып келемін.
Жеті жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Оңтүстік Қазақстан облыстық опера-балет театрына бүгінгі таңда Күләш Бәйсейітова есімін беру туралы ұжым атынан ұсыныс жасалды. Қазіргі таңда еліміздің түкпір-түкпірінен Вокал өнерінің қыр-сырын үйренгісі келетін шәкірттерім көптеп табылады.
Қайсыбір тоқырау жылдарындағыдай емес, қазір өнеріміз өрлеп келеді. Өнерден қаржыны аямау керек. Опера өнері – күллі өнердің флагманы. Астанада, Шымкентте опера театрлары ашылды. Мұның өзі өнерге деген жанашырлық, ел мәдениетінің дамуына қосылған үлес. Елордамыздағы «Астана-опера» театрының тізгіні Төлеген Мұхамеджанов сынды талантты жанға тапсырылғанының өзі құптарлық іс. «Астана-операға» шет мемлекеттерден өнерпаздарды шақыру арқылы театр әншілерінің тәжірибе алмасуы, олардың өзге мемлекеттерде тағлымдамадан өтуі қолдауға тұрарлық дүние. Батыстың бай тәжірибесімен бөлісу өнер әлемінде жетілу үшін қажет нәрсе. Сондықтан қазақ операсы шарықтап дамуы үшін әлемге қарап бой түзей білгеніміз де жөн. Өйткені өнер – өміріміздің өзегі.
.jpg)
Райымбек Сейтметов - актер, театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі. Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері.
Райымбек Сейтметтің осында, өзі туып-өскен мекенге келіп, тақыр жерден қалай театр ашқаны, оған лайықты әртістерді қалай оқытып әзірлегені, театр репертуарын қалай қалыптастырғаны әлі күнге есте. Жазушы Шерхан Мұртазаның: «Алматының екі бірдей театрын басқарған Райымбектің Түркістанға кеткені бәрімізге жұмбақ болды. Сөйтсек, Райымбек, Юлий Цезарша «Қазақстанның театр әлеміне жаңа, өзгеше театр қосу үшін кетіпті» деп еді сол тұста.
Райымбек аға: "Ойлап қарашы, театр – жан-сезімінің жаңғырығы емес пе? Күнделікті күйбең тірліктен шаршап келгенде, қайда барып демалмақсың? Кіммен сырласпақсың? Жан дүниеңді кіммен бөліспексің? Айналаң базарға асығулы. Үйдегілер күйбең тірлікте. Сөз жоқ, театрға келіп, шаршағаныңды басасың, жан дүниеңе жылу бере жұбаныш іздейсің.