shape
shape

Біздің міндеттеріміз

Міндеттеріміз

  • Қауымдастық филиалдарын немесе өкілдіктерін ашу арқылы барлық буындағы түлектер арасындағы тұрақты байланыстарды орнату. Жыл сайын дәстүрлі түрде жалпыуниверситеттік «Түлектер күнін» атап өту (сәуір айының соңғы күні)
  • Барлық буындағы түлектер арасындағы тұрақты байланыстарды орнатуға және қолдауға көмектесу;
  • Заманауи білім алушының мәдени өсуіне мүмкіндік жасай отырып, олардың рухани және басқа да материалдық емес қажеттіліктерін қанағаттандыру; 
  • Ахмет Ясауи университеті түлектерін белсенді қоғамдық қызметке рухани бағдарлау және тарту мақсатымен олардың неғұрлым дарынды бөлігінің жеке қабілеттерін айқындау;
  • Ахмет Ясауи университеті түлектері мәртебесінің абырой-беделін арттыруға көмектесу;
  • Түлектердің кәсіби мүдделерін жүзеге асыруға ықпал ету, олардың жұмысқа орналасуына көмектесу;
  • Түлектерге материалдық көмек көрсету, демеушілік қызметті ұйымдастыру, ғылымда жетістікке жеткен және мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы төмен білім алушыларға қолдау көрсету үшін «Эндаумент-Яссы» қорын құру арқылы осы мақсаттарға қол жеткізу;
  • Семинарлар, конференциялар, дәрістер, курстар және насихаттық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
  • Білім беру бағдарламаларын сараптамадан өткізуге қатысу;
  • Білімгерлерді кәсіптік практикадан өткізуге қолдау көрсету;
  • Университетке имидждік қолдау көрсету (телевизиялық бағдарламаларда және т.б. бұқаралық ақпарат құралдарында насихат жұмыстарын жүргізу);