shape
shape

Кіріспе

Таныстыру

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Түлектер қауымдастығы университетте қызмет етуші түлектердің бастамасымен ректор Темірбекова Жанардың қолдауының арқасында 22.06.2021 жылғы сенат мәжілісінің (№9 хаттама) шешімі негізінде құрылды.

Бүкіл түркі әлемінде жүрген түлектердің басын қосу арқылы университет имиджін көтеруді көздеген аталмыш қауымдастықтың болашаққа бағдары айқын.

Қауымдастықтың ұйымдастыруымен өткізілетін мәдени және іскерлік шаралар университет түлектерінің біртұтастығын сақтауға негіз болады деген сенім білдеріміз!