ОҚУ ОРДАМЫЗДА ҚАРЖЫ САУАТЫН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЛЕКЦИЯЛАР ӨТТІ
Шараға университетіміздің Экономика, қаржы және есеп кафедрасының меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Гүлмира Азретбергенова және университетіміздің оқытушысы Үміт Малден қатысып, пікір білдірді. Сонымен қатар банк саласында 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар экономика ғылымдарының магистрі, Прагадағы Еуропалық қолданбалы ғылымдар және менеджмент институтының бизнес басқару докторы Қарлығаш Аралбекова білімгерлерге пайдалы ақпарат берді.
Университетіміздегі менеджмент және туризм кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор, Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану Ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі Алмас Құралбаев қаржы пирамидасын танудың жолдарын көрсетті.
Шара аясында спикерлер студенттерге агенттіктің ресми парақшасына жазылып, күнделікті ескерту хабарламаларымен танысу қажеттігін айтты. Сондай-ақ, жақында өтетін Ұлттық қаржылық сауаттылық олимпиадасы туралы ақпарат берді.
Лекция интерактив форматта өтті.
Қатысушылар түрлі ойынға қатысып, жағдаяттарға қатысты пікір білдіріп, белсенді студенттерге арнайы сыйлықтар табысталды.
Агенттік мамандары жастардың алаяқтар тұзағына түсіп қалу қаупі жоғары екенін атап өтті. Жалған «жұмыс» ұсыну арқылы жеке деректерді иемдену, банк карталары мен шоттар арқылы заңсыз операция жүргізу нақты мысалдармен түсіндірілді. Алаяқтыққа қатысудың заңдағы жазасы және әлеуметтік салдары туралы да айтылды.
Мұндай шаралар университетімізде жастардың қаржы сауатын көтеріп, алаяқтардан қорғануына көмектесу мақсатында жиі өтіп тұрады.