Хабарландырулар

shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

Жана кітаптар

 

 

2024-2025 оқу жылының басында университет Ректоры басып шығаруға рұқсат берген баспа құжаттарының барлық түрлері, оқу процесіне қажетті студенттерге арналған журналдар мен бланкілер, сонымен қатар біздің университет студенттері үшін дайындалған монографиялар, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдары, басқа да ғылыми-зерттеу кітаптары, кітапшалар және т.б. барлық басылымдар біздің баспаханада басылып шығарылады және тиісті факультеттер мен бөлімдерге беріледі. Университетіміздің барлық факультеттерінің жарнамалық брошюралары, Алматы, Шымкент, Кентау Институттарының баспа құжаттары да біздің «Тұран» баспаханасында көбейтіледі.

«Ясауи университетінің Хабаршысы», «Түркология», «Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің хабарлары (математика, физика, информатика сериясы)» журналдары жылына төрт реттен, яғни тоқсан сайын мерзімді басылымдар ретінде тұрақты жарық көреді. Ал жыл сайын өткізілетін студенттердің ғылыми-теориялық конференциясы материалдары «Жас ғалым» жинағы болып жылына бір рет  үздіксіз шығарылып келеді. 

2024-2025 ж.ж. Юнус Эмре институтында дайындалған Yedi İklim Türkçe түрік тілін оқыту жинағын Лингвистикалық орталыққа және Кентау кампусындағы дайындық факультетіне «A1.А2.Б1.Б2.С1 курстық», «Түрік тілі» оқулық жинағы, сонымен қатар теология факультетінің қажеттілігіне байланысты «Араб тілі А0.А1.А2.В1.В2. деңгейдегі оқыту» жинағы басылды. Кентау кампусындағы дайындық факультеті студенттерінің қажеттілігіне қарай «Қазақ тілі А1.А2.В1.В2. оқыту» жинағы, «Қазақ тілі А1.А2.В1.В2. Оқылым, жазылым оқулықтар»  Русский язык элементарный уровень А1 для инностранной аудитории, OXFORD ENGLISH ағылшын оқу құралы, Ислам Жеменей «Абай мектебінің» қазақ, түрік, араб, ағылшын тілінде жинағы басылды. Шәкір Ибраев 1-7 том шығармалары көбейтілді. Асыл Ағаш, Асыл Шөп 1  серияларының I- ХVI  томдары жинақталып көбейтілді. «Тұран» баспаханасы бөлімі бүгінгі таңда түрлі-түсті басып шығаруға қабілетті RISO ComColor GD 9630 цифрлық баспа машинасы арқылы осы оқу құралдарын басып, шығаруда.    

Хеrox версант 280 пресс заманауи талаптарға сәйкес апарат Түрлі түсті кітап, брошура, сертификаттарды сапалы басып шығарады. Кітапшаларды дайын күйде шығарып береді. Сканер, көшермесі бар.

 Осыған байланысты қосымша қазіргі таңдағы заманауи технологиялық аппараттар алынса, университетіміздің пайдасына зор үлесін қосар еді. Бұлай деген себебіміз қазіргі таңда оқытушылар мен студенттердің сұраныстары үлкен.

2024-2025 оқу жылында университетіміздің барлық Халықаралық және ғылыми конференцияларын және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ұсынысымен Студенттік спорттық лига ойындары спорт тарапынан өткізілген іс-шаралары және факультеттердің Республикалық олимпиадалары, симпозиумдары, жастар клубының іс-шараларына қатысты барлық тапсырыстарын орындаймыз. Атап айтқанда: университет папкасы, Бағдарлама, Блокнот, шакыру қағазы, буклет, жарнама, бейджик, визитка, кувертка, билет, сертификат, диплом, мақтау қағазы, Баннер, т.б.

2024-2025 оқу жылында университетіміздің барлық бөлімдерге студенттердің қажеттілігіне пайдаланатын сауалнама, тест сұрақтары, емтихан сұрақтары, колданылатын журналдары, атап айтқанда: Тіркеу журналы, Кіріс-шығыс журналы, Сабаққа катысуын және практикалық сабақтардың орындалуын тіркеу журналы, Өзара сабаққа кіру журналы, Студенттердің сабаққа қатысуын және лекция, практика сабақтарын орындалғанын тіркеу журналы және т.б.

БЛАНКАЛАР: фирмалық бланка, бұйрық, өкім, келісім-шарт, шифрлеу түбіртегі, конферт, еңбек шарты, флюрокартотека, емтихан парағы, анкета, оқырман формуляры және т.б.