Хабарландырулар

shape
shape

Орталықтың мақсаты

Мақсатымыз

Ұлттық ойын дегеніміз – ұлттық мәдениеттің қайнар көзі. Оның негізінде дүниетаным, тіл мен этномәдениет көріністері бар. Қоғамдар ауысып, уақыт өткен сайын ұлттық ойындардың ішінде өміршеңдігін жоғалтпай, замана ағымына ілесе білген түрлері ғана сақталып, көпшіліктің қолдауына ие болып, әлемдік деңгейге көтеріледі. Міне сондай құнды мұралардың бірі – зияткерлік ойындар.  

Бүгінгі күні дүние жүзінде зияткерлік ойындарды дамыту, өркендету маңызды мәнге ие болып отыр. Өйткені жеке тұлғаның біліктілік қасиеттері мұндай ойындар арқылы шыңдала түседі. Зияткерлік ойындар дегеніміз – ой шығармашылығын дамытатын спорт түрі. 

Қазіргі қоғамға шығармашылықпен ойлана алатын, стандартты емес шешімдер қабылдай алатын, жағдайға тез және барабар жауап бере алатын белсенді және инициативті тұлға қажет. Бұл білім беру міндеттерін жаңадан қарап, таңдап алынған салада өмір сүру үшін қажетті кәсіби маңызды қасиеттерді қалыптастыра отырып, оларды шығармашылықпен қолдануға үйретуді талап етеді. Бұл мәселені зияткерлік ойындарды тиімді қолдану арқылы шешуге болады.

Түркі халықтарының зияткерлік ойындар орталығының білім беру жүйесіндегі өзектілігі мен қажеттілігі де  қоғамның бүгінгі үдерісінен туындайды. Орталықтың көкейкестілігі - Түркілік зияткерлік ойындардың  классификациясы мен библиографиясын жасап, олардың тиімді үлгілерін білім беру жүйесінде пайдалану арқылы әлеуметтік-мәдени саладағы болашақ маманның кәсіби маңызды қасиеттерін дамыту болып табылады. 

Мақсатымыз:

  • Түркі халықтарының зияткерлік ойындарын жинақтап, жүйелеп, классификациясы мен библиографиясын жасау;
  • Түркі халықтарының зияткерлік ойындарына арналған монография, оқу-әдістемлеік құралдар шығару және әлем тілдеріне аудару
  • Семинарлар, конференциялар, дөңгелек столдар өткізу;
  • Түркі дүниесі студенттері арасында Халықаралық және республикалық жарыстар, фестивальдер өткізу;
  • Түркі халықтарының зияткерлік ойындар федерацияларымен келісімдер жасау және ұлттық спорттың бұқаралық сипатын арттыру;
  • Түркі дүниесі елдерінің жоғары оқу орындарымен зяиткерлік ойындар саласында әріптестік орнату, студенттер арасында достық-мәдени байланыстарды нығайту;
  • Түркі дүниесі жастарына түркілік зияткерлік ойындарды  үйрету, болашақ маманның кәсіби маңызды қасиеттерін дамыту. 
  • Ахмет Ясауи университетінің имиджін арттыру, түркі дүниесі елдеріндегі жоғарғы оқу орындары арасында зияткерлік ойындар саласында көшбасшы болу.