Хабарландырулар

shape
shape

Кіріспе

Бүгінгі күні дүние жүзінде зияткерлік ойындарды дамыту, өркендету маңызды мәнге ие болып отыр. Өйткені жеке тұлғаның біліктілік қасиеттері мұндай ойындар арқылы шыңдала түседі. Зияткерлік ойындар дегеніміз – ой шығармашылығын дамытатын спорт түрі. 

Қазіргі қоғамға шығармашылықпен ойлана алатын, стандартты емес шешімдер қабылдай алатын, жағдайға тез және барабар жауап бере алатын белсенді және инициативті тұлға қажет. Бұл білім беру міндеттерін жаңадан қарап, таңдап алынған салада өмір сүру үшін қажетті кәсіби маңызды қасиеттерді қалыптастыра отырып, оларды шығармашылықпен қолдануға үйретуді талап етеді. Бұл мәселені зияткерлі ойындарды тиімдіқолдану арқылы шешуге болады.

Түркі халықтарының зияткерлік ойындар орталығының білім беру жүйесіндегі өзектілігі мен қажеттілігі де  қоғамның бүгінгі үдерісінен туындайды. Орталықтың көкейкестілігі - Түркілік зияткерлік ойындардың  классификациясы мен библиографиясын жасап, олардың тиімді үлгілерін білім беру жүйесінде пайдалану арқылы әлеуметтік-мәдени саладағы болашақ маманның кәсіби маңызды қасиеттерін дамыту болып табылады.