shape
shape

Хабарландырулар

Blog Image

GreenCA жобасы: Ослодағы ғылыми семинарда су ресурстарын тұрақты басқарудың жаңа білім беру модульдері талқыланды

Норвегияның Осло қаласында Норвегиялық жаратылыстану ғылымдары университеті (NMBU) базасында Erasmus+ CBHE «GreenCA» («Орталық Азияның тұрақты дамуы үшін су ресурстары саласындағы білім беруді жасылдандыру») халықаралық жобасы аясында наурыз/тамыз айында ғылыми семинар өтті.

Іс-шараға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар мен серіктес университеттердің оқытушылары қатысты. Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ атынан Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасының доценті Аймбетова Индира Оразғалиқызы қатысып, жаңа білім беру модульдерін әзірлеу жөніндегі стратегиялық топта белсенді жұмыс жүргізді.

Жобаның басты мақсаты:
Орталық Азия елдеріндегі (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан) су ресурстарына түсетін жүктеме, климаттың өзгеруі және инфрақұрылымның тозуы сияқты өзекті мәселелерді шешу үшін жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын жасыл және айналмалы (циркулярлы) экономика қағидаттарына сай жаңарту.

Семинар барысында әзірленген 3 жаңа білім беру модулі:
«Су ресурстарын басқарудың сандық (цифрлық) құралдары»

«Энергия тұтынуды оңтайландыру және парниктік газдар шығарындыларын азайту»

«Ресурстарды бөліп алу және қайта пайдалану»

Әзірленген модульдер практикалық бағыттылығымен ерекшеленеді және білім сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру үшін білім беру бағдарламаларын аккредиттеу саласындағы әлемдік көшбасшы — ASIIN халықаралық агенттігінің аккредитациясынан өтеді.

GreenCA жобасы Орталық Азияда заманауи цифрлық технологияларды меңгерген, ресурстарды үнемдеуге және айналмалы экономика қағидаттарын енгізуге қабілетті жаңа буын мамандарын даярлауға зор үлес қосады.