shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

МӘУЕРЕННАХРДАН АНАДОЛЫҒА ДЕЙІНГІ ИСЛАМ ҒҰЛАМАЛАРЫ: БІЛІМ МЕН ХИКМЕТТІҢ ТОҒЫСЫНДАҒЫ ТҮРКІСТАН» АТТЫ III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ СИМПОЗИУМЫ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Мәуереннахрдан Анадолыға дейінгі ислам ғұламалары: Білім мен хикметтің тоғысындағы Түркістан» атты III халықаралық ғылыми симпозиумы өтті.

Халықаралық ғылыми симпозиум аясында шетелдік ғалымдар мен қонақтарға арналған мәдени-танымдық іс-шаралар да ұйымдастырылды. Аталған іс-шараларды ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарына университеттің Халықаралық байланыстар департаменті атсалысты.

Мәдени-танымдық сапарлар 15 және 17 қазан күндері өткізіліп, қатысушылар Түркістан өңірінің тарихи-мәдени және рухани мұраларымен танысты.

15 қазан күні қонақтар Үкаша ата кесенесіне және Қарнақ елді мекеніндегі Шәмет ишан медресесіне барып, өңірдің діни-ағартушылық тарихы мен рухани құндылықтары туралы мағлұмат алды.

17 қазан күні мәдени бағдарлама аясында Ғауһар ана және Арыстан баб кесенелеріне зиярат жасалып, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, «Ұлы дала елі» музейі мен «Керуен сарай» кешеніне танымдық саяхат ұйымдастырылды.

Халықаралық байланыстар департаменті шетелдік қатысушылардың мәдени іс-шараларға қатысуын үйлестіруге, олардың тарихи орындарға сапарларын ұйымдастыруға және қонақтарға қажетті ұйымдастырушылық қолдау көрсетуге атсалысты. Бұл іс-шаралар шетелдік ғалымдардың Түркістанның бай тарихи-мәдени мұрасымен жақынырақ танысуына, халықаралық ғылыми және мәдени байланыстардың нығайуына ықпал етті

Аталған халықаралық ғылыми симпозиум ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, ортақ рухани мұраны тереңірек зерттеуге және Түркістанның халықаралық ғылыми-мәдени орталық ретіндегі маңызын арттыруға үлес қосты.