shape
shape

Біздің Бағдарламалар

Эразмус + - бұл білім беру жүйесін, кәсіптік оқытуды, жастар саясаты мен спортты жаңартуға және тұрақты дамуға бағытталған Еуропалық Одақ бағдарламасы. Бұл Еуропа елдері арасында (Бағдарлама елдері деп аталатын), сондай-ақ Еуропа елдері мен әлемдегі серіктес елдер арасында осы салалардың барлығында ынтымақтастық үшін қаржылық мүмкіндіктер ұсынады.
   Эразмус + жоғары оқу орындары мен жеке тұлғалар үшін төрт негізгі мүмкіндікті ұсынады:

1)Халықаралық академиялық ұтқырлық 

Еуропада қысқа мерзімді оқу немесе тағылымдама, нәтижесінде академиялық кредиттер қайта есептеледі.

Ұзақтығы:
3 айдан 12 айға дейін.

2) Қаржылық қолдау

Еуропаға сапар шегетін студенттерге ай сайынғы стипендия, қабылдаушы елге байланысты 800-900 евро, сондай-ақ жіберуші мен қабылдаушы университеттер арасындағы қашықтыққа байланысты жол шығындарын өтеу.

3) Шарттар

ОПҚ, студенттер, магистранттар және докторанттар ұтқырлыққа қатыса алады. Бағдарламаға қатысу үшін Erasmus + аясында ынтымақтастық туралы Бағдарлама елінің университетімен екіжақты келісімі бар Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнында оқу керек. Шетелдік университетте оқу мерзімі жіберуші университеттегі мамандық пен білім беру бағдарламасына сәйкес келуі керек. Сіз серіктес университеттер жасаған критерийлер бойынша конкурстық іріктеуден өтуіңіз керек.
Ағылшын тіліндегі құжаттар
* анкета 
* Транскрипт
•диплом/сертификаттар және қосымшалардың көшірмелері (магистранттар мен докторанттар, оқытушылар үшін)
* IELTS немесе TOEFL сертификаттары (бар болса)
* ұсыныс хат 
* паспорттың көшірмесі
Толық ақпарат алу үшін университеттің Халықаралық байланыстар департаментіне хабарласыңыз.


 

Орхун алмасу бағдарламасы: Түркі кеңесі Түрік университеттер одағының мүшелері арасында қол қойылатын хаттамалар аясында жасалған студент пен оқытушы алмасу бағдарламасы. Орхун алмасу бағдарламасы үш негізгі мақсат бойынша жүзеге асырылуда. -Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы елдердегі жоғары оқу орындарының дағдылары мен құзыреттеріндегі айырмашылықтарды азайту; -Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы елдердегі жоғары оқу орындарында білім алушы студенттердің және жұмыс істейтін оқытушы-профессорлар құрамының академиялық және қызметтік тұрмыстарында бірге жұмыс жасауларын және ынтымақтастық мәдениетін қалыптастыруларын қамтамасыз ету; -Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы елдердегі мәдени байлықтарды өз орнында көріп, ортақ мәдениет түсінігін қалыптастыру және дамыту. Орхун алмасу бағдарламасы аясында одаққа мүше университеттердің ресми білім беру бағдарламаларында білім алушылар студент алмасуға қатысады. - Орхун бағдарламасына қатысу ұзақтығы білімгерлер үшін 1 семестр немесе 1 оқу жылы. - Орхун бағдарламасы талаптары бойынша: жіберуші оқу орны жол шығынын (бару, келу), қабылдаушы оқу орны жатақхана және үш мезгіл тамақтанумен қамтамасыз етеді. - Орхун алмасу бағдарламасына қатысушы білімгердің оқу кезеңінде алған басқа шәкіртақылары немесе ақылы негізде оқитын білімгерлердің оқу ақысы жалғасады. - Бағдарламаға қатысатын мамандықтар сұранысқа сәйкес жыл сайын өзгеріп отырады. Студенттердің алмасу құжаттары Алмасуды бастамас бұрын студенттік файлда болуы керек құжаттар: 

  1.  Студенттік өтініш құжаты, 
  2.  Факультет деканының ұсынысы 
  3.  Жеке оқу кестесі 
  4.  Кафедрадан хаттама 
  5.  Жадынама 
  6.  Екі жақты келісім-шарт 
  7.  №072 медициналық анықтама
  8.  Сабақ үлгерімі бойынша Транскрипт 
  9.  Тілдік деңгейін анықтау Сертификаты 
  10.  GPA-2,75 тен жоғары 

Оқытушылардың ұтқырлығы

  • Алмасу бағдарламасы туралы меморандумға қол қойған жоғары оқу орындарындағы барлық оқытушылар осы академиялық ұтқырлыққа қатыса алады.
  • Оқытушылар үшін 1 немесе екі апта аралығында тәжірибе алмасу.
  • Ұтқырлық барысында оқытушы академиялық қызметі аптасына 6 сағаттан кем емес болу.
  • Жоспар бойынша семинарлар, пікірталастар дөңгелек үстелі немесе конференциялар сияқты т.б. іс-шаралар.
  • Академиялық  қызметтен басқа шаралар бағдарлама аясында қарастырылмайды
  • Тілдік деңгей бойыншы сертификат болуы

Ішкі (қазақстанаралық) академиялық ұтқырлық – бұл нақты академиялық мезгіл ішінде білім алушының, оқытушы-зерттеушілердің ауысып немесе зерттеу жүргізуі: Қазақстанның басқа жоғары оқу орнына бір семестрге немесе бір оқу жылына міндетті түрде кредиттерді қайта санау негізінде білім алу бағдарламасы бойынша өз оқу орнында немесе басқа оқу орнында білімін жалғастыру болып табылады.

  Білім алушылардың ішкі академиялық ұтқырлығы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 бекітілген бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.

 

Мәулана бағдарламасы Түркия Республикасында білім беретін жоғары оқу орындары арасында өзара студенттер мен оқытушылар алмасу шараларын жүзеге асыратын бағдарлама болып табылады. Бұл бағдарлама арқылы студенттер ең кемі бір семестр, ең ұзағы екі семестр бойы білім алуға; ал оқытушылар ең кемі 2 апта, ал ең ұзағы 3 ай мерзім көлемінде Түркияның жоғары оқу орындарында дәріс беруге мүмкіндік алады. 

1) Халықаралық академиялық ұтқырлық
Еуропада қысқа мерзімді оқу немесе тағылымдама, нәтижесінде академиялық кредиттер қайта есептеледі.

Ұзақтығы

  • 3 айдан 12 айға дейін.

2) Қаржылық қолдау

Еуропаға сапар шегетін студенттерге ай сайынғы стипендия, қабылдаушы елге байланысты 800-900 евро, сондай-ақ жіберуші мен қабылдаушы университеттер арасындағы қашықтыққа байланысты жол шығындарын өтеу.

3) Шарттар

ОПҚ, студенттер, магистранттар және докторанттар ұтқырлыққа қатыса алады. Бағдарламаға қатысу үшін Erasmus + аясында ынтымақтастық туралы Бағдарлама елінің университетімен екіжақты келісімі бар Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнында оқу керек. Шетелдік университетте оқу мерзімі жіберуші университеттегі мамандық пен білім беру бағдарламасына сәйкес келуі керек. Сіз серіктес университеттер жасаған критерийлер бойынша конкурстық іріктеуден өтуіңіз керек.

Тіркелу үшін қажетті құжаттар тізімі

  • Жеке куәлік
  • Шетелге шығу паспорты
  • Транскрипт
  • Тіл білімі деңгейін анықтау сертификаты (YUNUS EMRE институтының түрік тілінен В2 сертификаты және ағылшын тілінен IELTS-6.0 немесе TOEFL ІBT сертификаты 79 ұпайдан жоғары)

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІНІҢ "ШЕТЕЛДЕ БІР СЕМЕСТР БОЙЫ БІЛІМАЛУ" БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарлама туралы жалпы мәлімет:

ҚР ҒЖБМ-ның академиялық ұтқырлық бағдарламасы білім алушыларға семестр бойы шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндік береді. Министрлік гранты екі жақ жол ақысын, 120 күн ішіндегі тұру ақысын, медициналық сақтандыру және виза шығындарын өтейді.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  Бакалавриаттың 2-4 курсында (бюджет негізінде, сондай-ақ ақылы негізде білім алатын студенттер қатыса алады); 
 ҚР азаматы болу;
 Жоғары академиялық көрсеткіштерге ие болу (орташа балл 3,5-тен жоғары болуы шарт);
 Шет тілінде еркін сөйлеу, сертификатпен растау (upper-intermediate және жоғары деңгейде білу шарт);
 Конкурстық іріктеуден өту.

Қажетті құжаттар тізімі:

1) ҚР азаматының паспортының көшірмесі;
2) Транскрипт; 
3) Шет тілін меңгеруі туралы сертификат B2 (IELTS, TOEFL); 
4) Анықтама (082/086 формасы); 
5) Жадынама; 
6) Сурет -3/4; 
7) Факультеттен студентті оқуға жіберу туралы хаттама

Бізбен байланыс:

Бағдарлама туралы қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық байланыстар департаментіне хабарласыңыздар. Біз Сіздерді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша кеңес беруге әрқашан қуаныштымыз. Біздің байланыс: 418 кабинет, 4 - қабат. (Ректорат ғимараты).

Сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлық
 Сыртқы (халықаралық) академиялық ұтқырлық бұл білім алушылардың, оқытушы зерттеушілердің кредиттік білім беру бағдарламасын өз жоғары оқу орнында міндетті оқыту үшін немесе өзге жоғары оқу орнында жалғастыру үшін, сонымен қатар зерттеулер жүргізу үшін белгіленген академиялық мерзімге: семестр/оқ жылында шетелдік жоғары оқу орнына барып-келуі.
    Академиялық ұтқырлықтың мақсаттары:
-    білім сапасы мен ғылыми зерттеулердің тиімділігін арттыру;
-    ішкі жəне сыртқы интеграциялық байланыстарды орнату жəне əлемдік білім беру ресурстарын пайдалану;
-    білім нарығында Ахмет Ясауи Университетінің мəртебесін нығайту.
        Академиялық ұтқырлық – өзі оқитын жоғары оқу орнындағы білім беру бағдарламаларын меңгеруін кредит түрінде міндетті түрде қайта есептей отырып, білім алушылардың белгілі бір академиялық кезеңде: семестр немесе оқу жылында білім алу үшін басқа жоғары оқу орнында білімін жалғастыру; 10 күн мен бір оқу жылының аралығында зерттеу жүргізу;
    ҚР-ның  Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 1 қаңтардағы № 1 (2008 жылғы 19 қарашадағы № 613 бұйрығына енгізілген өзгерістер) бұйрығымен бекітілген «Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдық шеңберінде оқытуға жіберу» қағидаларына; 
    Академиялық ұтқырлық:
-    мемлекетаралық келісімшарттар аясында;
-    мемлекет деңгейінде қаржыландырылатын бағдарламалар шеңберінде академиялық ұтқырлыққа қатысуға жіберу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 19 қарашады № 613 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5499 болып тіркелген) бекітілген Шетелге, оның ішінде академиялық оралымдық шеңберінде оқытуға жіберу қағидалары аясында жүзеге асырылады;
-    келісімшарттар, контрактілер, гранттар, жобалар аясында;
-    білім беру, ғылыми ұйымдардан түскен арнайы шақыртулар негізінде;
-    академиялық ұтқырлыққа қатысушылардың жеке қаражаты бойынша жүзеге асырыла алады.
     Академиялық ұтқырлықтың нақты формалары мен түрлерін жүзеге асыру серіктес-ЖОО- ның, Қазақстандық жəне халықаралық ұйымдар мен қорлардың келісімшарттарымен реттеледі.
  Білім алушылардың Ахмет Ясауи университетінде жазғы оқу кезеңінде меңгеретін кредит саны жеке оқу жоспарында бекітілген кредиттердің 20%-нан аспауы керек.
Студенттердің алмасу құжаттары
Алмасуды бастамас бұрын студенттік файлда болуы керек құжаттар:
1) Студенттік өтініш құжаты,
2) Факультет деканының ұсынысы
3) Жеке оқу кестесі
4) Кафедрадан хаттама
5) Жадынама
6) Екі жақты келісім-шарт
7) №072 медициналық анықтама
8) Сабақ үлгерімі бойынша Транскрипт
9) Тілдік деңгейін анықтау Сертификаты 
10) GPA-2,75 тен жоғары

Сыртқы ұтқырлық ережесі