shape
shape

Виза бөлімі

  • Халықаралық байланыстар департаменті
Құрылымдық бөлімдер / Әкімшілік департаменттер / Халықаралық байланыстар департаменті

Виза бөлімі

Course Image Құрылымдық бөлімдер Әкімшілік департаменттер

Біз туралы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Виза бөлімі оқу ордасының әкімшілік құрылымдық бөлімі болып табылады. Университетіміз Халықаралық болғаннан кейін университетке қызметке, оқуға, іс-сапармен келетін шетелдік азаматтарына визалық қолдау жұмыстарын ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен шетелдік тұлғалардың төлқұжаттарын еліміздің қолданыстағы Көші-қон Заңының талаптарына сәйкес жергілікті жердегі Көші-қон органдарында тіркеу, оқу визасын, жұмыс визасын ұзарту жұмыстарын атқарады. Осы қызметтерді атқару барысындағы туындайтын мәселелерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті және Түркістан облысы Көші-қон полициясы басқармасы арқылы жұмыс атқарылады.

Біздің қызметтеріміз

Қазақстан Республикасының аумағында жүріп-тұру Ережелерімен таныстыру;

Визалық қарым-қатынастағы (Түркия, ҚХР, Моңғолия, Түркіменстан,  Ауғанстан, Венгрия) елдерден келген  шетел азаматтары Қазақстан шекарасынан  өткеннен кейін 3 күн ішінде  Виза бөліміне паспорттарын  тапсыру қажет. Бұл елдің азаматтарының паспорттары автоматты  түрде egov порталы арқылы виза мерзіміне дейін тіркеліп, мекен-жайы  туралы хабарлама беріледі;

Жаңа оқу жылына визасыз қарым-қатынастағы (Өзбекстан/ Қарақалпақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Ресей Федерациясы, Украина) елдерден келген  шетел азаматтары Қазақстан шекарасынан  өткеннен кейін 3 күн ішінде  Виза бөліміне паспорттарын  тапсыру қажет, бұл елдің азаматтарын тіркеу Түркістан, Кентау, Шымкент қалаларының Халыққа Қызмет Көрсету Орталығы (ЦОН) арқылы тіркеу жұмыстары іске асырылады;

Жаңа оқу жылына келісім-шарт мерзімі ұзартылған қызметкерлердің (отбасы мүшелері) жұмыс визасын ұзарту;

Шетелдік студенттердің мерзімі жеткен оқу визасын ұзарту;

Бітіруші түлектер мен оқудан шыққан студенттердің шығу визасын рәсімдеу және жақын шетел азаматтарының тіркеу мерзімдерін қысқарту; 

Шетел азаматтары үшін жасалған VIZA базасы бойынша базаны толықтыру, өзгеріс ендіру, виза мерзімдерін, паспорт мерзімдерін тіркеу мерзімдерін база бойынша қадағалап, студенттермен байланыс жасау; 

Оқу жылы барысында қалалық және облыстық Көші-қон полиция департаменттеріне жартыжылдық және жылдық есеп беру; 

Университетіміздің оқу бөлімімен және факультет деканаттарымен шетелдік студенттерге қатысты туындаған мәселелерді шешу мақсатында күнделікті тығыз байланыста жұмыстар атқарылады;

Жұмыс атқару барысында туындаған мәселелер бойынша Ғылым және жоғарғы білім министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігімен және Елшіліктермен байланыс жасау.