shape
shape

Халықаралық офис

  • Халықаралық байланыстар департаменті
Құрылымдық бөлімдер / Әкімшілік департаменттер / Халықаралық байланыстар департаменті

Халықаралық офис

Course Image Құрылымдық бөлімдер Әкімшілік департаменттер

Біз туралы

Университетіміздің Халықаралық байланыстар департаментіне қарасты  «Халықаралық персоналға қызмет көрсету және координация»  бөлімі құрлымдық өзгерістерге байланысты  2021 жылдың  қыркүйек айынан бастап «Халықаралық офис» болып өзгертілді. Халықаралық офистің басшысы және  жетекші маманы өз қызметінде ҚР заңдарын, университет жарғысын және стандарттарын, университет ректорының  бұйрықтарымен вице-ректорлардың өкімдерін басшылыққа алады.  Бөлім шетел қызметкерлерін  Қазақстан жағдайына және университетке бейімдеу мақсатында университет ішінде және одан тыс кеңес беру және жұмысты қадағалау қызметтерін ұсынады осы мақсатта университет ішінде және одан тыс тиісті бөлімшелерден / бөлімдерден ақпарат алу және кафедралармен үйлестіруді қамтамассыз ету, тиісті персоналға өз қызметі жайлы, еркін,қолайлы және заңнама аясында жалғастыруды қамтамассыз ету.

Facebook 

Instagram 

Біздің қызметтеріміз

Шетелдік қызметкерлер және студенттерге қолдау көрсету мақсатында жергілікті басқармалармен тығыз байланыс орнату (халыққа қызмет көрсету орталығы, банктер, туризм, қалалық білім басқармасы);

Шетелдік қызметкер мен білім алушыларға Қазақстан жағдайына және университетке бейімдеу мақсатында университет ішінде және одан тыс тиісті бөлімдерден ақпарат алу және кафедралармен үйлестіруді қамтамасыз ету;

Университетімізде жұмыс атқарып жүрген шетел азаматтарының келісім-шарт, төлқұжат мерзімі аяқталуын немесе әрі қарай ұзартылуын қадағалау;

Қолданыстағы Ереженің талаптарына сай Қазақстанға келген әрбір шетелдік азаматты міндетті медициналық тексеруден өтуін ұйымдастыру;

Шетелден келген білімгерлердің құжаттарын растау мақсатында нострификация және нотариалды растау жұмыстарын жүргізу;

Халықаралық деңгейде өткізілетін конференциялар және шетел студенттерімен кездесу іс-шараларын ұйымдастыру жұмыстарына атсалысу;

Университетімізге әр түрлі бағдарлама аясында келген шетелдік оқытушы профессорларды күтіп алу, шығарып салу жұмыстарын ұйымдастыру.

Статистика