shape
shape

Аударма орталығы

  • Халықаралық байланыстар департаменті
Құрылымдық бөлімдер / Әкімшілік департаменттер / Халықаралық байланыстар департаменті

Аударма орталығы

Course Image Құрылымдық бөлімдер Әкімшілік департаменттер

Біз туралы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті “Терминдер сөздіктерін дайындау және аударма орталығы” 1995 жылы мамыр айының 15 жұлдызында “Түрік Дүниесі ортақ терминдер сөздіктерін дайындау комиссиясы” ретінде құрылған. 

Комиссия төрағасы ретінде марқұм акад. Қалдыбай Бектаев тағайындалып, арада 45 күн өткеннен кейін аталмыш комиссия төрағасының қайтыс болуына байланысты комиссияның жұмыстарын бас хатшы Неждет Албай жүргізді. 

“Түрік Дүниесі ортақ терминдер сөздіктерін дайындау комиссиясы” университет ректоратының шешімімен Шымкент қаласынан Түркістанға көшірілді, Өкілетті кеңес жиналысында комиссияның аты “Аударма орталығы” болып өзгертіліп, аталмыш орталық өз жұмысын 1996 жылы желтоқсан айының бірінші жұлдызынан бастап Түркістан қаласында жалғастырды. 

1999-2000 оқу жылынан бастап 15.09.1999 жылғы 7-сенаттың шешімі бойынша орталық “Терминдер сөздіктерін дайындау және аударма орталығы” деп аталды. Орталықтық толық аталуы: “Терминдер сөздіктерін дайындау және аударма орталығы”; қысқаша аталуы: “Аударма орталығы”. 

16 қазан 2003 жылы университет Президентінің бұйрығымен “Терминдер сөздіктерін дайындау және аударма орталығының” басшысы болып ф.ғ.к., Р.Ж.Ашимов тағайындалды. 
 

Біздің қызметтеріміз

Жалпы сипаты: Қ.Р. Білім және ғылым министрлігі, Т.Р. Ұлттық білім беру министрлігі, Т.Р. Жоғары білім беру кеңесі, Университеттің Өкілетті Кеңес басқармасы, Қ.Р. Сыртқы істер министрлігі (шетелдік ОПҚ мен студенттердің виза жұмыстары бойынша), Түркістан қаласы ІІБ басқармасы, Кедендік бақылау, инвестициялық бюджет бойынша жаңа құрылыс алаңдары құжаттары және т.б. мемлекеттік органдар мен мекемелер арасындағы корреспонденция, университеттің жалпы әкімшілік-шаруашылық, академиялық және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру барысында келетін ресми хаттардың, мәліметтердің (электронды пошта немесе факс арқылы); студенттердің анықтамалары, транскрипт көшірмелерін қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдеріне жазбаша аудармасын жасау; университетте ұйымдастырылатын ғылыми іс-шараларда (конференция, семинар, симпозиум т.б.) аударма жұмысын қамтамасыз ету.    

  • Мәтіндердің түпнұсқаға, көшірмелерге немесе қол жазбаларға сай емлелік және мағыналық тұрғыдан дұрыс аударылуын, сондай-ақ, аудармаға қатысты мәліметтердің жария етілмеуін қамтамасыз ету; 
  • Ғылыми-техникалық құжаттардың, газет-журнал материалдарының және бұйрық, өкім, қаулы, келісімшарт, регламент, ереже т.б. құжаттардың аударылу ерекшеліктерін ескеру;