Қызметтеріміз
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Оқу жұмысын ұйымдастыру бөлімі қызметінің негізгі бағыттары:
- Оқу үдерісін қамтамасыз ету үшін кафедралардың, факультеттердің, университеттің басқа да тиісті бөлімшелерінің қызметін үйлестіру;
- МЖБС талаптарына, жұмыс оқу жоспарларына, бағдарламаларға және басқа да оқу-әдістемелік құжаттар мен ережелерге сәйкес ОЖҰБ жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру;
- ОЖҰБ жұмысының сапа менеджментінің жүйесіне қатысты құрылымдық ережесін әзірлеу, енгізу, орындау;
- Министрліктен түсетін кредиттік технология бойынша нормативтік құжаттарды зерделеу, оқу үдерісін ұйымдастыруды реттейтін ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды біріздендіру бойынша жұмыстарды жүргізу;
- Академиялық күнтізбенің сақталуын бақылау;