Хабарландырулар

shape
shape

Міндеттеріміз

  1. Магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша (жарияланымдарына қатысты) мониторинг жасау;
  2. Магистранттар мен докторанттардың МҒЗЖ және ДҒЗЖ бойынша ғылыми семинарларын кафедралармен бірге ұйымдастыру;
  3. Магистранттар мен докторанттардың МҒЗЖ, ДҒЗЖ және диссертациялық жұмыстарының орындалу барысын қадағалау;
  4. Докторанттардың және магистранттардың диссертациялық жұмыстарының орындалу деңгейін қадағалау;
  5. Магистранттар мен докторанттардың МҒЗЖ, ДҒЗЖ және диссертациялық жұмыстарын StrikePlagiarism бағдарламасында тексеру жұмыстарын Ғылыми зерттеулер бөлімімен бірлесе отырып ұйымдастыру;
  6. Магистранттар мен докторанттардың ғылыми жетекшілерін және диссертация тақырыптарын бекіту бойынша жұмыстар атқару;
  7. Қорғамаған докторанттардың жеке жол картасын бекіту бойынша жұмыстар атқару;
  8. Қорғамаған докторанттардың бекітілген жол картасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалау;
  9. Постдокторантура бағдарламасына конкурс ұйымдастыру;
  10. Постдокторантура бағдарламасына қабылдау ережелерінің сақталуын бақылау;
  11. Постдокторантура бағдарламасына құжаттарды қабылдау, есептердің уақытылы тапсырулып, Ғылым комитеті мен Сенатқа ұсынылуын қадағалау;
  12. Профессор-зерттеуші, доцент-зерттеуші және шетелдік ғалымдарды шақыру бағдарламаларына конкурс ұйымдастыру;
  13. Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін беру үшін жаңадан құрылатын диссертациялық кеңестер, сондай-ақ диссертациялық кеңестердің құрамын өзгерту бойынша құжаттама дайындау жұмыстарын ұйымдастыру;
  14. Өкілетті кеңестің қаражатымен Түркияда білім алып жатқан магистранттар мен докторанттардың және «Болашақ» бағларламасымен шетелде тәжірибеде жүрген ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсету, олардың ғылыми жобаларға қатысуы бойынша жұмыстар атқару.