Таныстыру
«Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау» бөлімі Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Ғылым департаментіне қарасты құрылымдық бөлімі болып табылады.
«Ғылыми кадрларды даярлау және аттестаттау» бөлімінің басты мақсаты – университеттің ғылыми және интеллектуалдық әлеуетін барынша толыққанды пайдалану, оның ішінде магистрант және докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіру, жас ғалымдар, зерттеуші ғалымдар мен шетелдік ғалымдарды тарту бойынша әдістемелік көмек көрсету және ұйымдастыру.
Бөлім Университеттің ғылыми және интеллектуалдық әлеуетін барынша толыққанды пайдалана отырып магистрант және докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын үйлестіреді. Сондай-ақ постдокторантура, доцент-зерттеуші және профессор-зерттеуші бағдарламаларының жұмыстарын қадағалайды.