Хабарландырулар

shape
shape

Біздің қызметтеріміз

Қызметтеріміз

Университеттен шығарылатын ғылыми басылымдардың, университетте ОПҚ мен қызметкерлерінің оқу басылымдарының сапасын арттыруға құзыретті.

Ғылыми басылымдар бөлімінің негізгі міндеттері:

  • Университетте жарық көретін барлық ғылыми журналдарды шығару бойынша жұмысты үйлестіреді (редакциялық алқаны ұйымдастыру жұмыстары, журналдарға жоғары сілтемелі авторларды тарту жұмыстарына атсалысу, мақалаларды қабылдау, техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру, келіп түскен мақалаларды ғылыми редакторға жіберу, рецензенттердің шешімін алу, рецензент және авторлармен жұмыс жүргізу, журнал сайттарын жүргізу, DOI (Digital Object Identifier) беру);
  • Университет ғылыми журналдары редакцияларының қызметін бақылау, сондай-ақ монографиялардың, оқу басылымдардың қызметіне мониторинг жүргізу;
  • Университеттің ғылыми басылымдарын дамыту, жетілдіру және ілгерілету бағыттары бойынша Clarivate Analytics, Springer, Scopus және т. б. компанияларының семинарларын ұйымдастыру;
  • Бөлімнің іс қағаздарын жүргізу (журналдың редколлегиясының бекітілген құрамы, редакциялық алқа отырыстарының хаттамалары, бұйрықтар шығару және т.б.);
  • Журналдың жарыққа шыққан сандарының электронды нұсқасын 3 форматта (*.doc, *.pdf*, *.xls) электронды пошта арқылы «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-на («ҰМҒТСО» АҚ) тұрақты түрде жіберіп отыруын қадағалау;
  • Университет ғылыми журналдарының техникалық базасының: электрондық редакцияның, журнал сайттарының үздіксіз жұмысын бақылау және осы сервистерді жаңартып отыруды жүзеге асыру;
  • Университет ғылыми журналдары мен құрылымдық бөлімшелерінің: Баспахана, кітапхана және т. б. өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету;
  • Университет  ғылыми журналдарының редакция мүшелерімен бірге журналдарды шығару және халықаралық ақпараттық ресурстарға енгізу;
  • Ғылыми журналдардың редакция мүшелерімен бірге университеттің ғылыми журналдарын халықаралық стандарттарға сәйкес әзірлеу;
  • Ғылымның перспективті бағыттары бойынша университеттің жаңа ғылыми басылымдарын ашу бойынша жұмыстар жүргізу;
  • Университет журналдарының тұрақты жарыққа шығуын қамтамасыз ету;
  • Қолжазбалардың стилистикалық, грамматикалық және техникалық қателерін тексеруден өткізу;
  • «Антиплагиат», «StrikePlagiarism» бағдарламалары арқылы тексеріліп, «жасырын» рецензиялаудан оң баға алған және редакция алқасынан іріктелген ғылыми мақалаларды қалыпқа салып, баспаханаға көбейтуге өткізу;
  • Мақалаларды рецензиялау сапасын арттыру үшін «жасырын» рецензиялау жұмысын дамыту. Авторлармен (ғалымдармен) және «жасырын» рецензенттермен тұрақты байланыс жасау және олардың базасын қалыптастыру;
  • Университет оқытушылары мен қызметкерлерінің ғылыми-баспа және жариялау қызметіне әдістемелік көмек беру;
  • Бөлім қызметінің бейіні бойынша әдістемелік семинарлар мен тренингтер өткізу.
  • Университеттің Ғылыми басылымдар бөлімі арқылы жарыққа шығатын баспа өнімдерінің басқа тиісті мекемелерге, оның ішінде міндетті түрде Кітап палатасы, Ұлттық кітапхана, т.б. таратылуын қамтамасыз ету;
  • Бөлім қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізу.
  • Университет ғылыми басылымдарының сайт жұмыстарын тұрақты жүргізу: редакторлардың, авторлардың және рецензенттердің өзара іс-қимыл процестерін үйлестіру;
    Ғылыми басылымдар сайтының құрылымы мен мазмұнын заманға сай дамыту және жаңарту.
  • Электронды басылым қағидасы бойынша университет ғылыми басылымдарының мұрағатын толықтырып отыру.