Таныстыру
Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі өз қызметінде бір шаңырақ астына жиналған түркі халықтарынан келген барлық білімгерлерді факультеттермен бірге жоспарлаған мәдени іс-шаралар арқылы олардың әлеуметтік және коммуникациялық қарым-қатынастарын жақсарту, рухани және әлеуметтік-мәдени сұраныстарын қанағаттандырыу, шығармашылық белсенділігін арттыру мен психологиялық ахуалды қалыптастыруға қолдау жасайды.
Әлеуметтік-мәдени жұмыстарды ұйымдастыру және психологиялық қолдау көрсету бөлімі университет Жарғысын, бөлімнің Құрылымдық ережесін, университет ректорының бұйрықтарын және университеттің әдістемелік, нормативтік материалдар негізінде әзірленген ережелерін басшылыққа алады.