Біздің қызметтеріміз

Жалпы сипаты: Қ.Р. Білім және ғылым министрлігі, Т.Р. Ұлттық білім беру министрлігі, Т.Р. Жоғары білім беру кеңесі, Университеттің Өкілетті Кеңес басқармасы, Қ.Р. Сыртқы істер министрлігі (шетелдік ОПҚ мен студенттердің виза жұмыстары бойынша), Түркістан қаласы ІІБ басқармасы, Кедендік бақылау, инвестициялық бюджет бойынша жаңа құрылыс алаңдары құжаттары және т.б. мемлекеттік органдар мен мекемелер арасындағы корреспонденция, университеттің жалпы әкімшілік-шаруашылық, академиялық және ғылыми зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру барысында келетін ресми хаттардың, мәліметтердің (электронды пошта немесе факс арқылы); студенттердің анықтамалары, транскрипт көшірмелерін қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдеріне жазбаша аудармасын жасау; университетте ұйымдастырылатын ғылыми іс-шараларда (конференция, семинар, симпозиум т.б.) аударма жұмысын қамтамасыз ету.
- Мәтіндердің түпнұсқаға, көшірмелерге немесе қол жазбаларға сай емлелік және мағыналық тұрғыдан дұрыс аударылуын, сондай-ақ, аудармаға қатысты мәліметтердің жария етілмеуін қамтамасыз ету;
- Ғылыми-техникалық құжаттардың, газет-журнал материалдарының және бұйрық, өкім, қаулы, келісімшарт, регламент, ереже т.б. құжаттардың аударылу ерекшеліктерін ескеру;