Біз туралы
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Виза бөлімі оқу ордасының әкімшілік құрылымдық бөлімі болып табылады. Университетіміз Халықаралық болғаннан кейін университетке қызметке, оқуға, іс-сапармен келетін шетелдік азаматтарына визалық қолдау жұмыстарын ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының шекарасынан өткен шетелдік тұлғалардың төлқұжаттарын еліміздің қолданыстағы Көші-қон Заңының талаптарына сәйкес жергілікті жердегі Көші-қон органдарында тіркеу, оқу визасын, жұмыс визасын ұзарту жұмыстарын атқарады. Осы қызметтерді атқару барысындағы туындайтын мәселелерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті және Түркістан облысы Көші-қон полициясы басқармасы арқылы жұмыс атқарылады.