Хабарландырулар

shape
shape

Біз туралы

Біз туралы

Инфрақұрылымды дамыту бөлімі университеттің білім беру процесін жүзеге асыруға қажетті компьютерлік және цифрлық оқу инфрақұрылымының дайындығын қамтамасыз ететін құрылымдық бөлім болып табылады. Бөлімнің қызметі оқу аудиториялары, компьютерлік сыныптар, тестілеу және емтихан өткізу орталарындағы техникалық ресурстардың білім беру процесіне толық дайын болуына бағытталады.

Бөлім компьютерлік сыныптардың техникалық жағдайын тұрақты бақылауға, оқу семестрі басталғанға дейін олардың дайындығын тексеруге, оқу бағдарламалары мен мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді компьютерлерге орнатуға және білім беру процесіне қажетті стандартталған бағдарламалық ортаны қалыптастыруға қатысады. Факультеттер мен кафедралардың оқу мақсатындағы бағдарламалық және техникалық қажеттіліктерін талдау да бөлім қызметінің маңызды бөлігі болып табылады.

Емтихан және тестілеу кезеңдерінде бөлім компьютерлік аудиториялардың алдын ала дайындығын қамтамасыз етеді, компьютерлердің, перифериялық құрылғылардың және қажетті бағдарламалардың жұмысын тексереді, техникалық тәуекелдерді алдын ала анықтайды және емтихан барысында цифрлық ортаның тұрақты жұмыс істеуіне техникалық қолдау көрсетеді.

Бөлім оқу компьютерлік паркінің техникалық жағдайын талдап, оны кезең-кезеңімен жаңарту қажеттілігін айқындауға, жаңа компьютерлік аудиторияларды техникалық жоспарлауға, Smart Classroom және цифрлық оқу ортасын дамытуға қатысады. Бөлімнің негізгі фокусы жеке қызметкердің жұмыс орны емес, тұтас оқу процесінің компьютерлік және цифрлық дайындығы болып табылады.