shape
shape

Подстанция және электр қуатын қадағалау бөлімі

  • Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы
Әкімшілік департаменттер / Шаруашылық департаменті / Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы

Подстанция және электр қуатын қадағалау бөлімі

Course Image Әкімшілік департаменттер Шаруашылық департаменті

Біз туралы

«Университет – 110/35/10 кВ» подстанциясының құрылысы 2000 жылы Түркия мемлекетінің қаражатына салына бастады. Сол құрылыс жұмыстары 2010-шы жылы толық бітіп, мемлекеттік актімен қабылдап алынды. Подстанцияны іске қосу үшін 2011-ші жылы Шымкент қаласындағы «Мемлекеттік энергетикалық бақылау комитетінен» арнайы рұқсат алдық және сол жылы  ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің ОҚО бойынша департаментінен «Электр энергиясын беру және тарату», «Электр желілері мен кіші  электр станцияларды пайдалану» қызметі түрімен айналысу үшін № 000376-16, 25.03.2011 ж. Мемлекеттік лицензия алдық. Осы құжаттар негізінде подстанцияны 2011 жылдың маусым айының 27-сі күні тұрақты ток көзіне қосып, «Кентау – 220 кВ» подстанциясынан ұзындығы – 24,5 км кернеуі 110 кВ Л-177 әуе электр желісі арқылы электр қуатын алып отырмыз.

Жаңа технологиялар мен Энергетика министрлігінің және Мемлекеттік энергетикалық бақылау комитетінің талабы бойынша подстанцияға  АСКУЭ (Автоматизированная система коммерческого учета электроэнергии) системасы  2014 жылы іске қосылды.

Бөлімде штат бірлігі бойынша — 15 қызметкер бар.

«Университет – 110/35/10 кВ» подстанциясының жұмыс құрылымының бір қалыпты және тұрақты іске қосылуы үшін подстанцияның негізін қалаушы, алғашқы басшысы Алипбай Ерденовтің қосқан үлесі өте зор.