shape
shape

Электр қондырғылары мен желілерін жөндеу бөлімі

  • Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы
Әкімшілік департаменттер / Шаруашылық департаменті / Электр энергиясымен қамтамасыз ету басқармасы

Электр қондырғылары мен желілерін жөндеу бөлімі

Course Image Әкімшілік департаменттер Шаруашылық департаменті

Біз туралы

 Электр қондырғылары мен желілерін жөндеу бөлімі мамандарының университет қалашығындағы және университетке қарасты қала ішіндегі оқу ғимараттары мен шаруашылық нысандарындағы қызмет көрсету аумағы:       7 оқу ғимараты, 5 студенттік жатақхана, 3 жанұялық жатақхана, Мағжан қалашығы, ақпараттық ресурс орталығы (кітапхана), мәдениет орталығы, ашық спорт алаңдары, ботаникалық бау, автокөлік тұрағы (гараж), орталық асхана, су қоймасы (водозабор), май қоймасы, су ұңғымалары (скважина), канализациялық насостық станциясы, жылу қазандықтары, көше электр жарығы және де трансформаторлар қосалқы станциялары (подстанция), жоғарғы кернеулі 10 кВ әуе және жер асты электр желілері. Осындай көлемдегі электр қондырғылары мен желілеріне қызмет көрсететін электр мамандары – штат бірлігі бойынша 13 электрик.

Электр мамандарының тікелей атқаратын міндеттері мен қызметтері:

  • Оқу ғимараттары мен шаруашылық нысандарындағы орналасқан барлық электр қондырғыларына, желілеріне жоспар бойынша жүргізілетін жөндеу жұмыстарын атқару.
  • Апатты (аврииный) жағдайдағы өшкен электр желісінің ақауын тауып, жөндеу жұмыстарын жүргізу және электр энергиясын беру.
  • Көше жарықтарының күйген лампаларын ауыстыру және түнгі уақытта үздіксіз жанып тұруын қамтамасыз ету.
  • Жоғарғы кернеулі әуе электр желілеріндегі жөндеу жұмыстарын атқару және электр желілеріне кедергі келтіретін ағаш бұтақтарын кесу.
  • Трансформаторларда жоспарлы түрде жөндеу жұмыстарын жүргізу және майларын ауыстыру.
  • Оқу ғимраттары мен жатақханалардағы ағымдағы, күрделі жөндеу жұмыстары кезіндегі барлық электр жүйесіндегі күйген электр лампаларын, розеткаларын, ажыратқыштарын (выключатель), автоматтарын және т.б. электр қондырғыларын ауыстыру жұмыстарын істеу.
  • Жоғарғы кернеулі және кіші кернеулі жер асты электр желілерінің ақауын тауып, жөндеу жұмыстарын жүргізу.
  • Қысқы жылыту маусымы кезінде оқу ғимараттары мен жатақханаларда, жылу қазандықтарында электр мамандары түнгі кезекшілік жұмыстарын атқарады.