shape
shape

Біздің қызметтеріміз

Қызметтеріміз

  • университеттің Инженерия факультеті мен жоғары оқу орнына дейінгі (Дайындық орталығы) білім алушылардың оқу үдерісін талапқа сай жүргізуді ұйымдастырады;
  • оқу және жатақхана ғимараттарын дұрыс пайдалану жұмыстарын ұйымдастырады, қадағалайды;
  • күрделі және қайта жөндеу, құрылыс жұмыстарын жүргізуге ректоратқа ұсыныс береді;
  • ғимараттардағы құнды материалдық заттардың сақталуын қамтамасыз етеді;
  • ғимараттардағы құрал-жабдықтардың техникалық жағдайларын қадағалайды;
  • ғимараттардағы жарық, жылы су жүйелерін, лас құбырларының, желдеткіш жабдықтарын үнемді және қауіпсіз пайдалану жұмыстарын қамтамасыз етуді қадағалайды; 
  • оқу үдерісінде техникалық базалардың жаңа түрлерін кеңінен пайдалану және модернизациялау, жаңа технологияларды енгізу жұмыстарын дамыту бойынша ректоратқа ұсыныс береді;
  • пәндер бойынша сынақтар, емтихандар, аттестациялар, мемлекеттік емтихандар және түрлі жиналыстар мен іс-шараларды ұйымдастыруда техникалық құрылғылардың жүйелі түрде
  • жұмыс істеуін (интернет байланысы, компьютерлер, сынақ бағдарламасы, бейнебақылау камераларының, электрэнергиясының және музыкалық, дыбыстық аппараттардың жүйелі түрдегі жұмысын) қамтамасыз етеді;
  • білім алушылардың денсаулығын сақтауға жағдай жасауды (медициналық пункттер) қамтамасыз етуді қадағалайды;
  • тәрбие жұмыстарының барысын қадағалайды;
  • кітапхананың сапалы қызмет көрсетуін ұйымдастырады; 
  • кітапхана қорын заманауи кітаптармен толықтыруға ұсыныс береді;
  • ғимараттарда антитеррорлық шараларға байланысты бейнебақылау камералары, кіріп-шығуды бақылау (турникет) және дыбыстық құрылғылардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етуді қадағалайды. 
  • еңбек және техника қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі, санитарлық-тазалық  іс-шараларының сақталуын қадағалайды;