Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы тәжірибе
2025 жылдың 14 –54 қазаны аралығында Стоматология факультеті фундаментальды медициналық ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы, медицина ғылымдарының кандидаты Татыкаева Угилжан Бурхановна Түркия Республикасының Нигде Өмер Халисдемир университеті Медицина факультетінде «Медициналық патология» пәні бойынша Орхун академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде академиялық тәжірибеден өтті.
Бағдарлама барысында аға оқытушы 3-курс студенттеріне «Медициналық патология» пәнінен лекциялар мен тәжірибелік сабақтар өткізді, сонымен қатар Медицина және Стоматология факультеттері профессор-оқытушылар құрамымен тәжірибе алмасып, стоматологиялық фантом класстар, клиникалар және патоморфологиялық зертханалардың жұмысымен танысты.
Сабақтар барысында студенттермен патологиялық процестердің морфологиялық негіздері, диагностика принциптері және зерттеу әдістері талқыланды.
Ұтқырлықтың негізгі мақсаты – медициналық білім беру сапасын арттыру, ғылыми және оқу-әдістемелік ынтымақтастықты нығайту, халықаралық тәжірибемен алмасу болды.
Сондай-ақ, түркиялық әріптестермен бірлескен ғылыми жобаларды дамыту және оқу үдерісін жетілдіру бағытында келісімдер жасалды. Осы мүмкіндікті ұсынғаны және қолдау көрсеткені үшін
Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің басшылығына және
Халықаралық қатынастар бөлімінің ұжымына шынайы алғыс білдіріледі.
«Тіс морфологиясы және физиологиясы» пәні
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы тәжірибе
Сабақ кестесі 