• image image image image
  • shape
    shape

    Хабарландырулар

    Blog Image

    «Тіс морфологиясы және физиологиясы» пәні

    «Тіс морфологиясы және физиологиясы» пәні – стоматология саласындағы негізгі іргелі пәндердің бірі болып табылады. Бұл пәннің маңызы студенттерге адамның тіс-жақ жүйесінің құрылысын, қызметін және олардың өзара байланысын терең түсінуге мүмкіндік беруінде.
    Студенттер тістердің анатомиялық құрылысын, морфологиялық ерекшеліктерін, тіс тіндерінің дамуын және олардың қызметтік маңызын меңгереді.
    Тіс морфологиясы мен физиологиясын меңгеру – ортопедиялық, терапиялық және хирургиялық стоматология пәндерін игерудің негізі болып табылады.
    Тістердің құрылысын және олардың физиологиялық ерекшеліктерін білу – ауруларды дұрыс анықтау мен тиімді ем жүргізудің басты шарты.
    Бұл пән дәрігер-стоматологтың анатомиялық және функционалдық тұрғыдан жүйелі ойлауын қалыптастырады.
    Физиологиялық үрдістерді білу арқылы дәрігер ауыз қуысы мүшелерінің қалыпты қызметін сақтау мен алдын алу шараларын дұрыс ұйымдастыра алады.
    «Тіс морфологиясы және физиологиясы» пәні болашақ стоматологтың кәсіби білімінің негізін қалайды. Ол студенттерге теориялық біліммен қатар, клиникалық ойлау және тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.