• image image image image
  • shape
    shape

    Жаңалықтар

    Абдразаков Ерболат Халтович стоматология факультетінің студенттері үшін тәжірибелік сабақтар мен дәрістер өткізді

    Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Стоматология факультетінде академиялық ұтқырлық аясындағы кездесу.
    2025–2026 оқу жылының 3 қарашасынан бастап Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Стоматология факультетінде Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қазақстан-Ресей медициналық университеті стоматология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Абдразаков Ерболат Халтович келді.
    Бағдарлама барысында Ғылым және стратегиялық даму жөніндегі вице-ректор Ошибаева Айнаш Есимбекқызы, факультет деканы және профессор-оқытушылар құрамы қатысып, мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Кездесу кезінде екі жоғары оқу орнының өкілдері білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, тәжірибе алмасу, ғылыми-зерттеу бағыттарын біріктіру және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері жөнінде пікір алмасты.
    Абдразаков Ерболат Халтович стоматология факультетінің студенттері үшін тәжірибелік сабақтар мен дәрістер өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті. Сабақтар барысында студенттер заманауи стоматологиялық әдістер мен инновациялық технологиялардың қолданылу ерекшеліктерімен танысты.
    Кездесу барысында тараптар алдағы уақытта өзара әріптестік байланыстарды нығайтып, бірлескен ғылыми, оқу-әдістемелік және клиникалық зерттеу жұмыстарын жалғастыруға ниетті екендіктерін атап өтті. Сонымен қатар, осындай іс-шаралар болашақ стоматолог мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға және халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік беретіні айтылды.