• image image image image
  • shape
    shape

    Факультет тарихы

    Тарихымыз

    Стоматология факультеті 2013 жылы қыркүйек айының 1-ші жұлдызында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Сенаты шешімі негізінде медицина факультетінің құрамында «Стоматология» кафедрасы ашылды. 12.11.2016 жылғы Өкілетті Кеңестің 53-ші мәжілісінде Университет Сенатының 29.08.2016ж. 1-ші мәжілісінде қабылданған шешімдер талқыланыпнәтижесінде 2017-2018 оқу жылынан бастап университетте Стоматология факультетін ашуға шешім қабылдандыФакультет құрамында Терапиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасыХирургиялық және балалар жасындағы стоматологиясы кафедрасыжәне Фундаментальды медициналық ғылымдар сияқты кафедралары жұмыс жасайды

     

    Қазіргі кезде факультеттің құрамында 3 кафедра бар. 

     

    • Терапиялық және ортопедиялық стоматология кафедрасы
    • Хирургиялық және балалар жасындағы стоматологиясы кафедрасы
    • Зертханалық пәндер кафедрасы.

    Стоматология факультетінде білім алушыларға білікті оқытушы-профессорлар дәріс жүргізеді. Оның ішінде: 12 ғылым кандидаты, 3 PhD доктор, 11 магистр-аға оқытушы бар. Сонымен қатар факультет ОПҚ тарапынан іргелі ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде және өз саласында танымал ғалымдар легі қалыптасқан. Стоматология факультеті Зертханалық пәндер кафедрасының доцент, х.ғ.к А.К.Мамырбекованың “Мыс және мырыш оксидтері негізінде нано-және микроөлшемді дисперсті материалдарды стационарлық емес жағдайларда электролизбен алу әдісін әзірлеу” атты ҚР БжҒМ Ғылым комитетінің Гранттық қаржыландыруы бойынша жобасы 01.10.2020-01.10.2021 жж. мерзімдері аралығында жүргізіліп сәтті аяқталды. Стоматология факультеті Зертханалық пәндер кафедрасының PhD, аға оқытушысы Н.С.Нұрдинов “AP19676909- 10 жылдық проспективті зерттеуде метаболикалық синдромы бар науқастардың тамақтану ерекшеліктерін, өмір салтын және комплаенттіліктің генетикалық аспектілерін зерттеу” 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобасы бойынша Жоба орындаушысы қызметін атқаруда. Гранттық және бағдарламалық–нысаналы қаржыландыру негізінде іргелі зерттеулер/қолданбалы зерттеулер бойынша ғылыми және ғылыми–техникалық бағдарламаларды/ жобаларды іске асыру бойынша ПЦФ жобасына өтінім берілуде, факультеттің зерттеушілері аталған жобада ғылыми қызметкер ретінде қызмет атқаратын болады. Факультетте жүргізіліп жатырған ағымдық гранттық жобалар жоқ, сол себепті білім алушылардың бірлескен ғылыми жобаларды орындау көрсеткіштері төмен. Сонымен қатар, Стоматология факультеті Зертханалық пәндер кафедрасының оқытушылары Н.С.Нұрдиновтың “Біріншілік және екіншілік глиобластома жасушаларының пролиферативтік көрсеткіштеріне мир-484 әсерінің зерттелуі” атты монографиясы “Тұран” баспаханасында (Түркістан қ., 2024ж.) және А.К.Мамырбекованың “Producing metal oxides by electrolysis under non-stationary conditions: monograph” монографиясы «Әлем» баспаханасында (Шымкент қ., 2022ж.) басылған. Зертханалық пәндер кафедрасының оқытушысы х.ғ.к., доценті Мамырбекова Айжан Кумекбаевна (2019 жылы) және Зертханалық пәндер кафедрасының оқытушысы х.ғ.к., доценті Мамырбекова Айгуль Кумекбаевна (2021 жылы) «ЖОО үздік оқытушысы» иегерлері атанды. Факультетте соңғы 3 жылда осындай ғалымдардың еңбегінің нәтижесінде монографиялар мен оқу құралдарын санамағанда әлемдік рейтингісі жоғары ғылыми журналдарда - 17 мақала, ҚР ҒЖБМ Білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынатын басылымдарда - 20 мақала жарық көрді. Факультетіміздің хирша индексі көрсеткіштері жыл сайын артып келеді. Атап айтқанда, 7 ОПҚ-ның хирша индексі - 4 және/немесе одан төмен, ал факультетіміздің 1 оқытушысы доцент Хасан Гүндоғардың хирша индексі 7-ге тең.