shape
shape

Іс-шаралар

Blog Image

«Архив ашық болса — тарих әділ сөйлейді!»

Білім беру және гуманитарлық зерттеулер факультетінің 2025–2026 оқу жоспарына сәйкес, бүгін 5 желтоқсан күні университетіміздің Кітапханасының Коворкинг залында «Ашық қоғамға – ашық архивтер» атты пікірсайыс өтті. Іс-шара 4-курс студенттеріне арналған «Мұрағаттану» пәні аясында, Тарих кафедрасының PhD, аға оқытушысы Хазретәліқызы Райгүлдің ұйымдастыруымен өткізілді.

Пікірсайыс барысында архивтердің ашық қоғам қалыптастырудағы рөлі, тарихи деректердің қолжетімділігі, сондай-ақ зерттеушілер мен азаматтардың ақпарат алу құқығы кеңінен талқыланды. Командалар ғылыми дәйектер мен логикалық дәлелдерге сүйене отырып, өз ұстанымдарын қорғады.

Іс-шараға Тарих кафедрасының профессор-оқытушы құрамы, факультет студенттері және Өзбекстан Республикасының Шыршық мемлекеттік педагогикалық университетінен келген қонақтар қатысты.

Пікірсайысқа қазылық еткен әділқазылар алқасы:

тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұрсұн Хазретәлі Маханұлы;

PhD, аға оқытушы Оспанова Алия;

докторант Ағайдарова Ақмаржан.

Іс-шара барысында тақырыптық видеоролик ұсынылып, студенттер арнайы дайындаған музыкалық нөмірлер орындады. Талқылау нәтижесінде архивтің қоғамға ашық болуы — тарихи әділдік, азаматтық сенім және ғылыми дамудың негізгі тетігі екені атап өтілді.

Іс-шара соңында пікірсайысқа белсенді қатысқан студенттер марапатталды.